НУ офлайн оқытуға оралады
Құрметті НУ талапкерлері!
2022 жылдың көктемгі семестрінен бастап Назарбаев Университеті біртіндеп офлайн оқытуға қайта оралатыны туралы хабарлауға қуаныштымыз. Әр апта сайын толық вакцинациядан өткен студенттер кампусқа келіп, кезектеп орналасады. Алайда, Дайындық мектебінің Foundation бағдарламасы тыңдаушыларының көпшілігі 18 жасқа толмаған және вакцинациядан өтпегендіктен, олар кампусқа әзірше оралмайды.
Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылы, Foundation бағдарламасымен қоса, офлайн режімінде жоспарланғаны туралы хабарлаймыз. Оқыту кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталатынын ескертеміз және үдеткіш вакцинациядан өту қажет екеніне назар аударамыз. НУ – тұрғын кампусі, сондықтан да біз барлық студенттердің, қызметкерлердің, оқытушылардың, кампусқа келушілер мен оның тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамсыз етуге міндеттіміз.
Алдағы оқу жылының (2022-2023) оқыту форматымен байланысты өзгерістер жағдайда, ақпарат НУ әлеуметтік желілер және ресми сайт арқылы таратылады.
Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңуызға өтінеміз!