«NU Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің магистратура мен докторантура бағдарламаларына грантқа оқуға түсу» ақпараттық сессиясы (Мектеп оқытушылары, қызметкерлері, студенттері мен түлектерінің қатысуымен)
Күні: 2022 жылдың 10 ақпаны
Уақыты: Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 18:00-19:30
NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі мен Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі магистратура мен докторантура бағдарламаларына қызығушылық танытқан барлық үміткерлерді Zoom платформасында өтетін ақпараттық сессияға шақырады!
Сессия барысында қатысушылар Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің магистратура және докторантура бағдарламалары, оқуға түсу талаптары, іріктеу критерийлері, уәждеме хат жазу және конкурстан сәтті өту бойынша толық ақпарат алады.
Сессия бағдарламасы:
18:00-18:15 Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің STEM бағыты бойынша магистратура және докторантура бағдарламалары презентациясы, Christian Schoenbach, Кафедра меңгерушісі, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ағылшын тілінде)
18:15-18:30 Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің гуманитарлық бағыт бойынша магистратура және докторантура бағдарламалары презентациясы, Nikolay Tsyrempilov, Қауымдастырылған профессор, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ағылшын тілінде)
18:30-19:00 «Уәждеме хатты қалай жазу керек», James Swider, Инструктор, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (ағылшын тілінде)
19:00-19.30 Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің оқытушылары, қызметкерлері, студенттері мен түлектерінің қатысуымен өтетін сұрақ-жауап сессиясы (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде)
Сессия ағылшын тілінде өтеді. Қатысушылар сұрақтарын қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қоя алады.
Іс-шараға сілтеме арқылы тіркеліңіз.
Оқуға түсу мәселелері бойынша Байланыс орталығына хабарласуға болады:
Тел.: + 7 7172 642584, +7 747 0940230
Эл. пошта: info_admissions@old.nu.edu.kz