«NU Жоғары бизнес мектебі, Жоғары білім беру мектебі және Жоғары мемлекеттік саясат мектебі магистратура мен докторантура бағдарламаларына грантқа оқуға түсу» ақпараттық сессиясы (Мектеп оқытушылары, қызметкерлері, студенттері мен түлектерінің қатысуымен)

Күні: 2022 жылдың 24 ақпаны

Уақыты: Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 18:00-19:30 

 

Біз технология дамыған заманауи ғасырда өмір сүрудеміз – тіпті университетке түсу үшін құжаттарды компьютер тінтуірін баса салып  жіберуге болады. Дегенмен, жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаны дұрыс таңдау — бұл үлкен қадам, сондықтан, бұл шешімді қабылдамас бұрын талдау жасау маңызды.

 

Сондықтан, NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі және Университеттің жоғары мектептері барлық қызығушылық танытқан үміткерлерді «NU Жоғары бизнес мектебі, Жоғары білім беру мектебі және Жоғары мемлекеттік саясат мектебі магистратура мен докторантура бағдарламаларына грантқа оқуға түсу» ақпараттық сессиясына қатысып, барлық сұрақтарға жауап алуға шақырады.

 

Сессия бағдарламасы: 

18:00-18:05 Алғы сөз, Алина Максатова, Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі 

18:05-18:20 Жоғары бизнес мектебі бағдарламаларының презентациясы, Marec Jochec,  Қауымдастырылған профессор

18:20-18:35 Жоғары білім беру мектебі бағдарламаларының презентациясы, Jason Sparks, Деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары

18:35-18:50 Жоғары мемлекеттік саясат мектебі бағдарламаларының презентациясы, Aziz Burkhanov, Қауымдастырылған профессор

18:50-19:30 Профессорлар, қабылдау бөлімінің менеджерлері, студенттер мен түлектер қатысатын сұрақ-жауап сессиясы

 

Тіркелу үшін мына сілтемеге өту қажет. 

Оқуға түсу мәселелері бойынша Байланыс орталығына хабарласуға болады:

Тел.: + 7 7172 642584, +7 747 0940230

Эл. пошта: info_admissions@old.nu.edu.kz