«SMG дегеніміз не және NU Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің магистратура және докторантура бағдарламаларына грантқа қалай оқуға түсуге болады?»
Күні: 2022 жылдың 16 ақпаны
Уақыты: Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 18:00-19:30
NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі мен Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі тау-кен инжинирингі мен мұнай-газ ісі салаларындағы магистратура және докторантура бағдарламаларына қызығушылық танытқан барлық үміткерлерді Zoom платформасында өтетін ақпараттық сессияға шақырады!
Сессия барысында қатысушылар Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің тау-кен инжинирингі мен мұнай-газ ісі салаларындағы магистратура және докторантура бағдарламалары, олардың құрылымы, оқуға түсу талаптары, іріктеу критерийлері және конкурстан сәтті өту бойынша толық ақпарат алады.
Сессия бағдарламасы:
18:00-18:05 Алғы сөз, Нұрхан Омарбеков, Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі
18:05-18:15 Алғы сөз және Мектеп туралы жалпы ақпарат, др. Рэнди Хазлетт, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің деканы, Профессор
18:15-18:30 Мұнай-газ ісі бағдарламаларының презентациясы, др. Пейман Пурафшари, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры
18:30-18:45 Тау-кен инжинирингі бағдарламаларының презентациясы, др. Элеонора Видзик-Кэйпахарт, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры
18:45-19:00 Қабылдау комиссясымен сұхбаттасуды сәтті өту бойынша кеңестер, д-р Пейман Пурафшари, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры
19:00-19:30 Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің профессорлары, қабылдау бөлімінің бас менеджері және студенттерді оқуға тарту бойынша амбассадормен өтетін сұрақ-жауап сессиясы
Сессия ағылшын тілінде өтеді. Қатысушылар сұрақтарын қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қоя алады.
Іс-шараға сілтеме арқылы тіркеліңіз.
Оқуға түсу мәселелері бойынша Байланыс орталығына хабарласуға болады:
Тел.: + 7 7172 642584, +7 747 0940230
Эл. пошта: info_admissions@old.nu.edu.kz