Стандартталған тесттердің өткізілуі тоқтатылды
Коронавирусқа (COVID-19) байланысты жағдайды ескере отырып College Board (SAT), British Council (IELTS), ETS (GRE/TOEFL), ACT жоспарланған емтихандардың өткізіуін уақытша тоқтатты. Осыған орай, Назарбаев Университеті жоғарыда аталған және басқа да Университеттің бақылауынан тыс туындайтын мәселелерді шешу жолдарын қарастырып жатқандығын мәлімдейді.
Назарбаев Университетіне оқуға түсу мәселелеріне байланысты соңғы жаңалықтардан хабардар болу үшін Университеттің ресми (nu.edu.kz) сайтын қадағалаңыз. Сонымен қатар электронды поштаңызды үнемі тексеріп отыруыңызды өтінеміз.
Түсіністікпен қарағандарыңызға рахмет.