CLIMATE TALKS білім беру конференциясына шақыру

Желт 2, 2020

Сіздерді 10-11 желтоқсан аралығында онлайн режимінде өтетін «Climate Talks» білім беру конференциясына шақырамыз.

Конференцияның мақсаты – студенттер мен жас ғалымдар арасында климаттың өзгеруінің салдары, сонымен қатар әлемде және елімізде олардың алдын алу және климаттың өзгеруіне беуімделуге қабылданған шаралар туралы білімді тарату. Конференция барысында жергілікті және халықаралық сарапшылар климат келіссөздері, климаттың өзгеруін болжау және инновациялық шешімдер саласындағы көзқарастарымен және тәжірибелерімен бөліседі.

Сондай-ақ, конференцияның мақсаттарының бірі – жастарға ғаламдық климаттың өзгеруі және «Zero Carbon emission Kazakhstan» (Қазақстан «нөлдік» көміртегі эмиссиясымен) тақырыбы туралы өз пайымдарын ұсынуға мүмкіндік беру. Баяндамалардың тезистері БҰҰДБ абстракттар журналында жарияланады, ал баяндамашыларға қатысу туралы сертификаттар беріледі (толық ақпаратты қосымшада таба аласыз).

Конференция БҰҰДБ және “National Conservation Initiative” корпоративті қорымен серіктестікте ұйымдастырылуда.

Конференция тілі: ағылшын, қазақ, орыс (ілеспе аударма). 

Конференция бағдарламасы

Қатысу үшін тіркеу формасын толтырыңыз.

Барлық сұрақтар бойынша green.campus@old.nu.edu.kz, +7 702 5098662,
+7 778 4076270 арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.