Назарбаев Университетінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасына (NUFYP) 2020-2021 академиялық оқу жылына онлайн тіркелу ашылды!
Тіркелу 2019 жылдың 29 қыркүйек пен 29 қараша аралығында өтеді (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59 дейін). Тіркелу үшін admissions.nu.edu.kz порталында жеке кабинет құрыңыз, тіркеу жарнасын төлеңіз, талапкер өтінім-сауалнамасын толтырыңыз және кажетті құжаттарды жүктеңіз.
Маңызды:
- Осы жылдан бастап NUFYP Entrance Test барлық мамандықтар үшін «Математика» және «Критикалық ойлау» пәндер бойынша бағаланады.
- Егер Сіз Назарбаев Университетіне өзіңіздің IELTS/TOEFL сертификатыңызды тапсырғыңыз келсе, IELTS/TOEFL ресми электронды сертификаты Тест Әкімшілігінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Сонымен қатар, сертификаттың сканерленген көшірмесін өзіңіздің жеке кабинетіңізге жүктеңіз.
IELTS үшін код: Nazarbayev University
TOEFL үшін код: 6762