NU GSB “Қазақстандағы кәсіпкерлік” бойынша панельдік сессия
Күні: 2022 жылғы 25 ақпан
Уақыты: 15:00 17:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)
2022 жылғы 25 ақпанда Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Қазақстанда кәсіпкерлік жөніндегі панельдік пікірталас өткізеді, онда GEM «Қазақстан 2020-2021» ұлттық баяндамасы, сондай-ақ 10 ақпанда Дубай, БАӘ Expo 2020 көрмесінде ұсынылған «Global Entrepreneurship Monitor» (GEM) 2021/2022 жаһандық есебінің нәтижелері ұсынылады.
Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі бүкіл әлемдегі кәсіпкерліктің жай-күйін бағалауға өз үлесін қосуда. Қазақстанның ұлттық командасы Орталық Азияның жетекші экономикасындағы кәсіпкерлік туралы деректерді жинап, нәтижелерді көрші және басқа да салыстырылатын елдермен, өңірмен және әлемнің басқа елдерімен салыстырды. Бұл Назарбаев Университетінде қазақстандық команда жариялаған жыл сайынғы алтыншы есеп.
Панельдік сессияға мемлекеттік органдардың, шағын және орта бизнестің өкілдері, сондай-ақ зерттеу орталықтары мен консалтингтік компаниялар қатысады.
Бұдан басқа, іс-шарада НУ ЖБМ жанындағы жаңа зерттеу орталығы – Назарбаев Университетінің Кәсіпкерлік зерттеу орталығы (NURCE) таныстырылады. NURCE кәсіпкерлік саласындағы озық тәжірибе орталығы болуға тырысады. Ол университеттердегі, экономикалық дамудағы, бизнестегі және басқа да желілердегі кәсіпорындардың өңірлік, ұлттық және халықаралық зерттеулермен берік сыртқы байланыстарды дамытуға ұмтылатын болады. NURSE кәсіпкерлік саласындағы ғалымдар мен практиктердің қызығушылығын тудыратын мерзімді семинарлар, подкасттар, мастер-класстар мен симпозиумдар өткізуді жоспарлап отыр.
Егер сіз әлемде қандай үрдістер бар және Қазақстан кәсіпкерлікті дамыту үшін нені қабылдап жатқаны туралы сарапшылардың пікірін білгіңіз келсе, панельдік пікірталасқа қатысуға шақырамыз.
Формат: Онлайн, ZOOM. Сессияға сілтеме іс-шараға бір күн қалғанда тіркелгеннен кейін сізге электрондық поштаға жіберіледі.
Іс-шараға сілтеме арқылы тіркеліңіз.