НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің ашық есік күні

2021 жылдың 13 қарашасында сағат 14:00 НУ ИЦҒМ талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін виртуалды ашық есік күнін өткізеді.

Қатысушылар академиялық бағдарламалар туралы ақпарат алуға, грантқа оқуға түсу бойынша сұрақтар қоюға және НУ ИЦҒМ-ның түлектерімен сұхбаттасуға мүмкіндік алады. Спикерлер табысқа жету жолындағы тәжірибелерімен бөліседі, инвестицияларды табу, командада тиімді жұмыс істеу және идеяны коммерциялық және/немесе әлеуметтік жобаға айналдыру жолдарымен бөліседі.

НУ ИЦҒМ-ның Ашық есік күнінің қонақтары НУ профессорларымен кездесіп, кеңес алуға, біздің зертханаларды виртуалды түрде көріп, жеңімпаздарға арналған түрлі сыйлықтар ойнатылатын ойынға қатысуға мүмкіндік алады.

Толығырақ ақпарат және тіркелу мына сілтеме бойынша