НУ шахмат турнирі – 19 Наурыз

Нау 12, 2021

Құрметті НУ қауымы! 

Барлық шахмат жанкүйерлерін 19 наурызда өтетін Наурыз Мейрамына арналған іс-шаралар апталығы аясында «NU Chess Tournament» шахмат турниріне қатысуға шақырамыз.

Турнир ұйымдастырушылары:

– Дәрмен Садвакасов атындағы шахмат академиясы

– Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес Мектебінің түлектер қауымдастығы

– Назарбаев Университетінің түлектер қауымдастығы

– Студенттік шахмат клубы

Турнирдің жалпы жүлде қоры 100 000 теңгені құрайды.

Жүлделі орындар:
1 орын – 50 мың теңге
2 орын – 30 мың теңге
3 орын – 20 мың теңге

Сонымен қатар қатысушылар Назарбаев Университетінің сыйлықтары мен кәдесыйларымен марапатталады:
– ерлер арасындағы үш үздік нәтиже
– әйелдер арасындағы үш үздік нәтиже
– 8 жасқа дейінгі балалар арасындағы үш үздік нәтиже (қосаалғанда)
– 9-дан 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы үш үздік нәтиже (қосаалғанда)
– 13-тен 16 жасқа дейінгі балалар арасындағы үш үздік нәтиже (қосаалғанда).

Қатысушыларды тіркеу және жарыстың lichess.org платформасында тікелей өткізілуін бұл жарыстың Бас төрешісі бастаған Төрешілер алқасы қамтамасыз етеді.

Жарыс 19.03.2021 ж. Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат14:00-де «Назарбаев Университеті» қауымдастығының барлық мүшелері (студенттер, түлектер, қызметкерлер, оқытушылар құрамы және кампус тұрғындары), сондай-ақ НУ қауымдастығы мүшелерінің балалары арасында өтеді.

Тіркеу мерзімі – осы СІЛТЕМЕ бойынша 2021 жылы 17 наурыз сағат 18:00-ға дейін кешіктірмей. 

Google үлгісін толтырғаннан кейін қатысушылар lichess.org ойын платформасында тіркеліп, NU Chess клубқа қосылуы керек. Lichess.org платформасында тіркелу кезінде әр қатысушының тегі және атымен сәйкес келетін ресми логині (мысалы, Amanov_Serik) немесе профильде тегі мен аты көрсетілген логині болуы тиіс. Турнир lichess ойын платформасында швейцариялық жүйе бойынша 9 турда өткізіледі. Уақытты бақылау – әр қатысушыға партияның соңына дейін 3 минут + 2 секунд.

Турнир туралы қосымша ақпарат Университеттің веб-ресурстарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Біз бәрін күтеміз!