Қазақстан Республикасының аймақтарында BCEPT емтихандарының өту кестесі
Құрметті талапкерлер!
Сіздерді Қазақстан аймақтарында өтіп жатқан оқуға түсу емтиханы –BCEPT тестінің I кезеңіне шақырамыз. Емтиханның өткізілетін күні мен орны туралы мына жерден қараңыз
Қала | Емтиханның өткізілетін күні | Емтиханның өткізілетін орны |
Астана | 12 ақпан 2012 | «АстанаМедициналық Университеті»АҚ |
Алматы | 12 ақпан 2012 | Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық университетi |
Қарағанды | 12 ақпан 2012 | Қазақстан тұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университеті Академическая көшесі, 9 |
Қостанай | 19 ақпан 2012 | М. Горький атындағы гимназия |
Павлодар | 19 ақпан 2012 | № 7 орта мектеп, Жеңіс алаңы, 13, (Мәңгілік шырақтын жанында) |
Талдықорған | 19 ақпан 2012 | Назарбаев зияткерлік мектеп, «Қаратал» ықшам ауданы, 47, («Тіл Сарайының» жанында) |
Петропавл | 19 ақпан 2012 | М. Қозыбаев атындағы Солтүстік -Қазақстан мемлекеттік университеті, 1-ші корпус, Пушкин көшесі, 86 |
Ақтау | 26 ақпан 2012 | №9 орта мектебі |
Ақтөбе | 26 ақпан 2012 | №9 гимназия |
Атырау | 26 ақпан 2012 | Ж.Досмухаметов атындағы |
Қызылорда | 26 ақпан 2012 | №264 мектеп-лицей |
Шымкент | 26 ақпан 2012 | №8 мектеп-гимназия |
Тараз | 4 наурыз 2012 | № 5 мектеп-гимназия |
Семей | 4 наурыз 2012 | Назарбаев зияткерлік мектебі |
Өскемен | 4 наурыз 2012 | Назарбаев зияткерлік мектебі |
Орал | 4 наурыз 2012 | № 34 мектеп-гимназия |
Өзіңізбен ала жүру қажет:
- жеке куәлік немесе паспорт;
- білім беру ұйымының түпнұсқа мөрі мен директорының қолы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі бар мына құжаттардың:
- табельдің (ағымдағы оқу жылы ішіндегі оқушы табелінің соңғы 2 тоқсандағы орташа балы 4,0-ден кем емес (5,0 ішінде) балға немесе оның эквивалентіне сәйкес болуы тиіс);
- сынақ кітапшасының (техникалық және кәсіби немесе орта білім ұйымынан кейінгі немесе жоғары білім ұйымындағы соңғы семестрдегі үлгерімнің орташа балы 4,0-ден кем емес (5,0 ішінде) балғанемесе оның эквивалентіне сәйкес болуы тиіс);
- қосымшасы бар аттестаттың (жалпы орта білімі, техникалық және кәсіби білімі немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың немесе халықаралық бакалавриат дипломының орташа балы 4,5-тен кем емес (5,0 ішінде) балғанемесе оның эквивалентіне сәйкес болуы тиіс);
- – қосымшасы бар бакалавр немесе маман дипломының(жалпы орта білімі, техникалық және кәсіби білімі немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың немесе халықаралық бакалавриат дипломының немесе бакалавр не маман дипломының орташа балы 4,5-тен кем емес (5,0 ішінде)балғанемесе оның эквивалентіне сәйкес болуы тиіс)көшірмелері;
- қарындаш;
- қалам;
- өшіргіш;
- ұштауыш;
- мөлдiр шөлмектегi ауыз суы;
- Ммаска (суық тигендерге).
Жоғарыда берілген құжаттар болмаған жағдайда, талапкер BCEPT тестін тапсыруға жіберілмейді.
Мына заттарды алып жүруге тыйым салынады:
- Ұялы телефондар(сөндірулі болсада)
- Кез келген электрондық құралдар
- Сөмке, кітап, дәптер және басқа да жеке заттар
Тиісті талаптарға сәйкес мерзімі өтпеген IELTS немесе TOEFL ресми сертификаттары бар талапкерлер 2012 жылдың наурыз айында пән бойынша SET емтиханына шақырылатын болады.