“Шетелдік үміткерлерге NU магистратура және докторантура бағдарламаларына оқуға түсу мүмкіндіктері” ақпараттық сессиясы

Күні: 2022 жылдың 2 ақпаны

Уақыты: Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 16:00 

NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі барлық қызығушылық танытқан шетелдік үміткерлерді Zoom платформасында өтетін ақпараттық сессияға шақырады!

Сессия барысында қатысушылар NU магистратура және докторантура бағдарламалары, онлайн өтінім беру процесі, оқуға түсу талаптары туралы өзекті ақпарат, сондай-ақ конкурстық іріктеуден сәтті өту және грантқа оқуға түсу бойынша пайдалы кеңестер алады. Бұл – біздің оқытушыларымыз бен қызметкерлерімізбен танысуға және барлық сұрақтарға жауап алуға керемет мүмкіндік.

Сессия ағылшын тілінде өтеді. Қатысушылар сұрақтарын қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қоя алады.

Іс-шараға сілтеме арқылы тіркелуге болады.

 

Қосымша сұрақтар бойынша Байланыс орталығына +7 7172 642584,  +7(747)0940230 телефондары немесе info_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.