COVID-19 бойынша НУ қауымдастығының ынтымақтастық бастамасының жаңалықтар

Назарбаев Университетінің қауымдастығы іске асырылып жатқан «COVID-19 ынтымақтастық бастамалары» шеңберінде пандемияның таралуына қарсы күреске өз үлесін қосуды және еліміздің медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуді жалғастыруда.

Бүгінгі күні Атқарушы Кеңеске ұсынылған бастамаларға сәйкес Республикалық диагностикалық орталықтың, Ана мен бала ұлттық орталығы мен Балаларды оңалту ұлттық орталығының кәсіподақ ұйымдары ұсынған тізімдерге сәйкес 135 медициналық қызметкерлердің отбасылары бал, май, құрма, жармалар, шай, кофе, қоюландырылған сүт және т.б. кіретін азық-түлік жиынтықтарын алды.

COVID-19 бойынша НУ қауымдастығының ынтымақтастық бастамасы – бұл Назарбаев Университетінің, оның қызметкерлері мен халықаралық оқытушыларының қолдауымен құрылған жоба, олар елмен ынтымақтастық ретінде пандемияға қарсы күресте қан донорлығына, қаржылық немесе басқа да тәсілдермен көмектесуге тырысады. Осы бастама аясында бірнеше апта ішінде НУ қоғамдастығы Қазақстанның COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі күш-жігерін қолдау мақсатында 14,7 миллион теңгеден астам қаражат жинады. Бұл қаражатты алдағы уақытта да Қазақстандағы медицина қызметкерлерін қолдауға бағыттау жоспарланып отыр.