Рид Койл

Департамент
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық мектебі, Әлеуметтану және антропология
Лауазымы
Профессор
Кеңсе
8.106
Электр. пошта
reed.coil@old.nu.edu.kz
Телефон
+77172694754
Веб-сайт
https://nu-kz.academia.edu/ReedCoil

Доктор Койлдың зерттеуі палеолит дәуіріндегі археологиялық қазбалардағы гоминидтердің мінез-құлқын қалпына келтіруге кеңінен назар аударады, зерттеу кеңістіктік талдаулар мен тономика / зооархеология арқылы кеңістікті пайдалану және гоминидтер мен ет қоректілердің бәсекелестігі мәселелерін қамтиды. Рид қазіргі уақытта Грузияның Дманиси қаласындағы палеолит дәуіріне жататын орында жұмыс істейтін ғалымдардың халықаралық командасының құрамына кіреді, ол жердегі бай археологиялық және палеонтологиялық шөгінділерге сол орынның қалыптасу процессі қалайша ықпал еткенін түсіну үшін ғалымдар археологиялық материалдың кеңістіктік сипаттамасын зерттейді. Осы зерттеудің шеңберінде Рид адамдар мен ет қоректілердің  археологиялық орындарда сүйектердің жиналуына қалай ықпал тигізетіндігіне және осы процестерді ажыратуға көмектесетін болжамды үлгілеріне қызығушылық танытады. Осы қызығушылықтың бір бөлігі ретінде, Рид қазіргі уақытта сүйек сынықтарын жойылуын зерттеуге арналған жобаға қатысады, ол сүйек майын шығару кезінде сүйектің бұзылуына әсер ететін әртүрлі факторларды анықтауға бағытталған, сонымен қатар, жоба археологтарға сүйектерді адамдар, жыртқыштар немесе басқа да процестердің салдарынан сынғанын анықтауға көмектесетін сипаттамаларды зерттейді.

Ғылыми қызығушылығы: палеоантропология, зооархеология, тофономия, жыртқыштар мен гоминидтердің бәсекелестігі, палеолиттік археология, кеңістіктік талдау, ГАЖ, археологиялық орындардың қалыптасуы, фотограмметрия, тәжірибелік археология.

Білімі:

Антропология бойынша докторлық дәреже, Миннесота университеті, 2016 ж.

Антропология магистрлік дәреже, Миннесота университеті, 2012 ж.

Археологиялық зерттеулер бойынша бакалавр дәрежесі, Висконсин-Супериор Университеті, 2007 ж