2014 жылдың 18 шілдесінде Назарбаев Университеті аумағында Технопарктің ресми ашылу рәсімі шеңберінде Назарбаев Университеті Аstana Business Campus Ғылыми паркінің таныстырылымы болды.

2014 жылдың 18 шілдесінде  Назарбаев Университеті аумағында Технопарктің ресми ашылу рәсімі шеңберінде Назарбаев Университеті Аstana Business Campus Ғылыми паркінің таныстырылымы болды.

Мерекелік іс-шараға Назарбаев Университеті Research and Innovation System (NURIS) ғалымдары, NURIS Бақылау Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі Аслан Сәрінжіпов қатысты.

Жалпы аумағы 2000 шаршы метрді құрайтын Технопарк, Назарбаев Университетінің Интеллектуалды Инновациялық кластердің даму жоспарын іске асырудың табысты жалғасы болып табылады және ғылым мен бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер ұсынады.  Интеллектуалды-инновациялық кластер – бұл қуатты орталық, Технопарктен,  зияткерлік мектептер мен ғылыми орталықтардан басқа, өзінде Коммерцияландыру офисін, Бизнес-инкубаторды, Аstana Business Campus Назарбаев Университетінің Ғылыми паркін қамтитын ғылыми ақыл-ой мен өндірістің бірлескен жұбы болып табылады. Осы жүйенің барлығы ғылыми мүмкіндіктердің дамуына, бюрократиялық проблемаларды жоюға, өз ісін ашу кезінде өндірістік шығындарды барынша азайту мен шағын және орта бизнеске көмек көрсетуге бағытталған.

Бұдан басқа, Технопарк Назарбаев Университетінің жанынан құрылатын жоғары технологиялы инновациялық компанияларды орналастыру үшін қызмет ететін болады. Ол үй-жайлары   инженерлік биохимиялық және телекоммуникациялық сипаты басым әр түрлі зерттеулер мен өндірістерге икемді арналған көп функционалды ғимарат  болып табылады. Технопарк офистік және өндірістік үй-жайлар беру, жабдықтармен жарақтандыру және тәжірибелік үлгілерді жасауға көмектесу, сондай-ақ озық энергия үнемдеу технологияларын өндіру, түрлендіру, тестілеу және енгізу үшін алаң ұйымдастыру арқылы коммерцияландыруға жататын ғылыми зерттеулердің нәтижелерін нақты іске асырумен байланысты жұмыстарды жүзеге асыратын болады.

Қазіргі кезде технопаркте комерцияландыру әлеуетінің белгілері бойынша таңдаудан өткен  7 жоба орналастырылды. Технопарктің жанынан қалпына келтірілетін энергия полигоны  құрылған, ол қалпына келтірілетін көздерден Технопаркті автономды электр және жылу энергиясымен ішінара жабдықтап отыр. Осы кешеннің базасында орнатылған фото электрлі панельдердің, гелиоколлекторлардың, жел генераторлары мен жылу сорғыларының деректерін пайдалана отырып  қалпына келтірілетін энергетика саласында өлшеулер мен зерттеулер  жүргізілетін болады.
Тұтастай алғанда, Технопарктің ашылуы мен дамуы Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің, ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылына оң ықпалын тигізетін болады.

Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаменті :

010000, Астана, Қабанбай батыр д, 53

Тел: +7(7172)709357, 706088, 706089 

pressa@nu.edu.kz