Альцгеймер ауруының ерте белгілерін анықтауға арналған тестті НУ студенттері жасады

NURIS Технопаркі резиденті және НУ түлектерімен бірге әзірленген myMind тесті Альцгеймер ауруының алғашқы белгілерін анықтауға көмектеседі. Әзірлеушілер Юсуп Тумгоев пен Аманжол Шунгеевтің айтуынша, технология ауруды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Тест ойлау, кеңістіктік бағдарлау, түсіну, оқыту, сөйлеу, ойлау қабілеті сияқты, танымдық функцияларды талдау болып табылады. Мұның бәрі аурудың ықтимал белгілері, қауіптері, себептері, салдары және алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға мүмкіндік береді.

“Кәсіби медициналық көмек алу қажеттілігін анықтай отырып, тест пациенттердің уақыты мен қаражатын үнемдейді, өйткені медициналық мекемелерде алдын — ала диагноз қою бірнеше есе күрделі және қымбат процесс”, – деді жобаны әзірлеушілердің бірі, НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің бакалавриат бағдарламасының түлегі Аманжол Шунгеев.

MyMind тестін NURIS технопаркі резидентінің жобасы «IHT Central Asia» ЖШС-ң iDala командасы және Альцгеймер синдромы бар науқастармен жұмыс істеуде 25 жылдан астам тәжірибесі бар психотерапевт, м.ғ.к. Жібек Жолдасованың жетекшілігімен Universal Brain Center зерттеушілері бірлесіп әзірледі. Жоба тәлімгері – кәсіпкер Сейітжан Сыпабеков, медицина академиясының түлегі және DBA EU Business School (Швейцария) іскерлік әкімшілендіру докторы.

Тесттің мазмұны және алынған барлық нәтижелердің толық түсіндірмесі www.mymind-test.com веб-сайтында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады. Бүгінгі таңда әзірлеушілер жақын арада ақылы негізде барлығына қолжетімді болатын өнімді жетілдіру бойынша жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы iDala командасы үйде COVID-19 жұқтыру ықтималдығын бағалайтын “ақылды” тест әзірледі, оның жұмыс істеу тәртібі нейрондық желіге негізделген