Қазақстанның болашақ көшбасшылары: 30 жас 30
Forbes Kazakhstan рейтингіне болашағы зор 30 қазақстандық енді Назерке Калидолда, l ‘ accent стартапының негізін қалаушы. Назарбаев Университетінде оқыған жылдары Назерке бағдарламалау бойынша олимпиадаларға қатысып, үнемі жеңіске жетіп отырды. Өзінің алғашқы ғылыми жұмысын – саңырау және нашар еститіндерге арналған сурдоаударма роботын Назерке Сингапурдағы робот техникасы және автоматтандыру жөніндегі конференцияда ұсынды. Университетті бітіргеннен кейін ол Google-дің париждік офисіне жұмысқа орналасты.
Дереккөз: forbes.kz