Дүниежүзілік банктің бас экономисті Назарбаев Университетінде дәріс оқыды

Доктор Джастин Лин «Жаңа құрылымдық экономика» және «Даму экономикасы 3.0» атты дамудың үшінші толқыны туралы өз теориясын баяндады. Дамып келе жатқан ел қатарынан шыққан, Дүниежүзілік банктің бірінші бас экономисті болып табылатын доктор Лин даму және саясат мәселелерін ұсына отырып, ұйымның тарихында мәнді із қалдырды, ағымдағы жылдың 1 маусымында оның осы лауазымдағы мерзімі аяқталады. Өткен онжылдықтардың даму сатысын назарға ала отырып, Жаңа Құрылымдық Экономика өндірістің ішкі факторларына негізделген экономиканың құрылымына шоғырланды және салыстырмалы басымдылықтардың негізінде үздіксіз технологиялық инновацияның, өнеркәсіптің жаңартылуы мен әртараптандырылуын маңызды деп санайды.

Аталған кездесуді Дүниежүзілік банктің Еуропа мен Орталық Азия бойынша бұрынғы Вице-Президенті, Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу мырза ұйымдастырды. Кездесуге университеттің студенттері мен қызметкерлері, сондай-ақ зерттеу институттардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.111
+7(7172)706087, 706091, 706089
pressa@old.nu.edu.kz