Galym-Galam: Ассоциативті профессор Ставрос Поулопоулос NU SEDS

‘Galym-Galam’  айдарының жаңа қонағы – «Химиялық инженерия және материалдар технологиясы» кафедрасының ассоциативті профессоры және меңгеруші міндетін атқарушы Ставрос Поулопоулос. Доктор Поулопоулос өзінің ғылыми мансабын Грекияның Афина қаласында бастады, кейін Словакия Республикасындағы Халықаралық өсімдіктерді қорғау конвенциясының сарапшысы болып жұмыс істеді.  Қазір ол NU SEDS-те суды органикалық ластаушы заттар мен улы ауыр металдардан тазарту үшін тиімді және арзан материалдарды әзірлеумен айналысады.

 

Біліміңіз бен кәсіби тәжірибеңіз туралы айтып беріңізші

 

Мен Афина Ұлттық Техникалық Университетінде (NTUA) химиялық инженерияны оқып, процестерді талдау және зауыттарды жобалау бойынша магистр дәрежесін тәмамдадым. Сондай-ақ, қоршаған орта және даму бойынша екінші дәреже алған болатынмын. 2004 жылы пайдаланылған газдардағы оттегі бар органикалық қосылыстардың каталитикалық тотығуын зерттеуге негізделген «Химиялық инженерия» мамандығы бойынша Ph.D дәрежесін алдым. Менің постдокторлық тақырыбым улылығы жоғары ағынды суларды тазартудың биологиялық және химиялық процестерін дамыту болды. NTUA-дағы оқу және ғылыми жұмысыммен қатар, мен 2 жыл бойы Халықаралық өсімдіктерді қорғау конвенциясының сарапшысы ретінде Словакия Республикасында ластануды болдырмау және бақылау жөніндегі кешенді директиваны жүзеге асыруға қатыстым. 2007-2013 жылдары мен көптеген еуропалық агенттіктер мен органдарда Грекияның “Инфрақұрылым, көлік және желілер” министрлігіннің ғылыми кеңесші ретінде қызмет қылдым. Қазақстанға алғаш рет Қазақ-Британ техникалық университетінде  (ҚБТУ) ассоциативті профессор қызметін атқарған болатынмын. 2016 жылдан бастап  Назарбаев универсиетінде жұмыс істеп келемін. 

 

Қазіргі зерттеу жобаңыз туралы айтып бере аласыз ба?

 

Су –  барлық салаларда маңызды мәселе болып табылады. Қазақстан Еуразия континентіндегі суға ең тапшы елдердің бірі екендігі белгілі. Менің зерттеу тобым суда пайда болатын органикалық ластаушы заттар мен улы ауыр металдарды жою үшін үнемді және жоғары белсенді материалдарды әзірлеуге бағытталған. Менің зерттеуім екі грантқа негізделген: факультетті дамытуға арналған конкурстық зерттеу гранты мен  тұрақты даму жағдайында энергия тұтынуды экономикалық өсуден ажырату көрсеткіштерін зерттеу және әзірлеу бағытында. Студенттердің зерттеуге қатысуы салалық білімдерін кеңейтетініне сенімдімін.

 

Сіздің негізгі зерттеу нәтижелеріңіз қандай?

 

Біз әзірлеген технологиялар Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық ағынды суларын, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы ағынды суларды, сондай-ақ жергілікті құс сою алаңынан келетін ағынды суларды тазарту үшін тиімді қолданылды. Жақында біз күн сәулесімен белсендірілетін жаңа Ti2O3/TiO2 фотокатализаторларын жасадық. Бұл жұмыс саладағы жаңа серпіліске әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, біздің зерттеушілер тобы әлемде орын алып жатқан пандемия жағдайына бейжай қарай алмадық. Әріптестеріммен бірге  COVID-19 жағдайлары туралы әртүрлі мемелектерге класстерлік сараптау жүргіздік. Ғылыми мақаладан бір жыл ішінде 50 рет дәйексөз келтірілген. 

 

Неліктен НУ-да қызмет қыламын деп шешім қабылдадыңыз?

 

Алматыдағы қызметімнен кейін Қазақстан туралы жағымды пікір қалыптасты.  Сол себепті, өмірімдегі маңызды шешімдердің бірі – НУ-да жұмыс істеймін деген тоқтамқа келдім. Өйткені оның құрылуының айқын мақсаты мені таң қалдырды. Қазақстандағы жоғары білім беретін, қоғамды келесі көшбасшыларымен қамтамасыз ететін жетекші университет. Орталық Азиядағы және жаһандық деңгейдегі жетекші ғылыми-зерттеу институтына айналады деген сенім бар. Қысқа уақыт ішінде ортақ мақсат жолында жұмыс істеп жатқан адамдар, ғылыми-зерттеу әлеуеті мен инфрақұрылымға салынған орасан зор инвестиция – мен үшін тамаша жер екендігін аңғартты!

 

Болашақ жоспарларыңыз қандай?

 

Менің жоспарым – барлық лауазымдарымнан НУ мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек ету: Оқытушы ретінде студентке бағытталған оқытуды жалғастыру; зерттеуші ретінде НУ-ды қоршаған ортаны қорғау инженериясы саласындағы ғылыми-зерттеу орталығына айналдыру және кафедра меңгерушісі ретінде біздің бағдарламалар үшін ABET аккредитациясына қол жеткізу.