Galym-Galam: Энрико Марсили, НУ ИЦҒМ қауымдастырылған профессоры

Біздің “Galym-Galam” айдарымыздың келесі қонағы – НУ ИЦҒМ қауымдастырылған профессоры Энрико Марсили. Профессор Марсили 2004 жылы Рим университетінде химиялық инженерия саласында докторлық дәрежесін алды. Миннесота университетінде анаэробты микробиология бойынша постдокторлық тағылымдамадан кейін Ирландиядағы Дублин қалалық университетінде оқытушы болды. 2012 жылы профессор Марсили Сингапурдағы NTU Қоршаған орта туралы инженерлік орталығына қосылды, онда ол биопленкалар мен микробиологиялық коррозияны электрохимиялық сипаттау әдістерін әзірледі. 2019 жылы Доктор Энрико Марсили Назарбаев Университетіне қауымдастырылған профессор ретінде қосылды. Доктор Марсилидің ғылыми қызығушылықтары биоэлектрохимиядан биосенсорлар мен биоремедиацияға дейін жалғасады.

 Профессор Марсили, сіздің қазіргі зерттеу жобаңыз туралы айтып беріңізші

Мен биопленкалар мен микробтық электрофизиология бойынша мықты зерттеу тобын құрдым. Соңғы екі жылда жақсы жабдықталған биоэлектрохимия және медициналық биопленкалар зертханасын салдым. НУ-да біз нақты патогендерді анықтау және түзілген биопленканың сипаттамасы үшін электрофизиология қағидаттарына негізделген жаңа биоэлектрохимиялық сенсорларды жасап шығарамыз. Бұдан басқа, мен ірі мұнай өндіруші кәсіпорындармен биопленкаларды пайдалана отырып, мұнай өндіруді ұлғайту әдістерін әзірлеу бөлігінде жемісті жұмыс жасадым. Қазіргі уақытта біз P. putida экологиялық микроорганизмін мұнай / су шекарасында жиналатын биосурфактанттардың артық өндірісі үшін модификациялаймыз, осылайша өндірістік суда мұнай өндіруді арттырамыз. Мен Белград университетімен, Италияның биомедициналық кампусымен және Киото технологиялық институтымен бірлескен жобалармен айналысамын.

 Сіздің зерттеуіңіздің негізгі нәтижелері қандай?

 Электроактивті штамдардың көбісі оттегі шектеулі немесе анаэробты жағдайда қоршаған орта үлгілерінен бөлінгенімен, зерттеушілер әлі күнге дейін адамның микробиомасында электроактивті штамдардың болуына назар аудармады. Жақында біз биопленкалардың вируленттілігімен байланысты адамның ішек микроорганизмі Enterococcus faecalis-те күшті электроактивті фенотипті байқадық. Бұл жаңалық биопленкалар мен патогендерді бақылауға үлкен әсер етуі мүмкін. Жақында мен бұл әдіснаманы Candida albicans және Acinetobacter baumannii сияқты басқа патогендерге қолдандым. Lactobacilli сияқты, ішек микробиомасында табылған басқа түрлердің тамақ және биотехнология өнеркәсібіне қатысы бар және сондай-ақ электроактивті фенотипке ие болуы мүмкін. Мен жаңа электроактивті штамдарды анықтау және олардың электрометаболизмін зерттеу үшін осы ортадан аралас микробтық консорциумдардың скринингін жүргізуді жоспарлап отырмын. Ақтығында бұл ақпарат маған электрохимиялық күшейтумен жаңа био-процестерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ланкастер университетінде секвенирлеу мүмкіндіктеріне қосымша, ICGEB-пен (Триест, Италия) жақындағы зерттеу әріптестігі метаомиялық жұмыстарды орындау және осы жоба үшін қажет деректерді талдау үшін пайдалы болады.

 Неліктен сіз НУ-ға қосылуды шештіңіз?

 Маған жас, дамушы университетте жұмыс істеу қызықты болды, онда мен зерттеуші және тәлімгер рөлін атқарып, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларын оқуды осындай ортада жалғастыруға тарта аламын. Мен университетке қосылғанымда, Қазақстан да, НУ-да көтерілу траекториясында болды. Пандемия бұл дамуды уақытша тоқтатса да, мен НУ елдің және Орталық Азияның үздік студенттерін одан әрі тартатынына сенімдімін.

 Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

Мен Қазақстанның барлық өңірлерінен дарынды студенттерді тарту үшін Маркетинг департаментімен және БАҚ-пен жұмыс істеуді жоспарлап отырмын. Мен дәрістерге негізделген дәстүрлі курстарға қарағанда, студенттердің неғұрлым белсенді қатысуына әкелетін, бакалавриат студенттеріне арналған, зерттеулерге негізделген курсты енгізгім келеді. Ақтығында, мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және табысы орташа елдерден таланттарды тарту үшін НУ ICGEB консорциумына қосылады деп үміттенемін. Зерттеулерге келер болсақ, мен клиникалық қолдануға патент жасау үшін биоэлектрохимиялық датчиктермен жұмысымды жалғастыруды жоспарлап отырмын.