Galym-Galam: Мэтью Кортни, НУ ЖБМ ассистент профессоры

«Galym-Galam» айдарындағы біздің келесі қонағымыз – Мэтью Кортни, НУ ЖБМ ассистент профессоры. Профессор Кортни 2015 жылы білім беру саласының докторы дәрежесін Окленд университетінде алды. Содан кейін ол Окленд және Мельбурн университеттерінде жұмыс істеді, онда студенттердің білімін бағалауға бағытталған көптеген мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысты. Назарбаев Университетінде доктор Кортни студенттерге олардың оқуында көмектесетін, ашық бастапқы коды бар бағдарламалық жасақтама жасау бойынша жұмыс жасайтын топты басқарады. Оқытуға келер болсақ, доктор Кортни магистрлер мен аспиранттарға білім беруді бағалауға, сандық зерттеулерге және өлшеу, бақылау, модельдеу және студенттердің қалай оқитынын түсіну үшін статистикалық бағдарламалауға байланысты тақырыптар бойынша дәрістер оқиды.

 

Профессор Кортни, сіздің қазіргі зерттеу жобаңыз туралы айтып беріңізші

Біздің зерттеу жобамыз үшін мен және менің командам мектептің тест деректерін алатын және мұғалімдер, бағалау жөніндегі мектеп сарапшылары және үкімет қолдана алатын, есептерді автоматты түрде жасайтын веб-қосымшаны жасадым. Қосымша тест деректерін, атап айтқанда, әр оқушы үшін әрбір мәселе бойынша тестілеу нәтижелерінің кестесін қабылдайды (негізінен, әр оқушы әрбір мәселе бойынша жинаған ұпайларды жазу).

Веб-қосымша тест сұрақтарының сапасы туралы және тест оқушылар үшін жеткілікті түрде қиын болғандығы туралы, сондай-ақ басқа да деректер туралы есеп жасайды.

Сондай-ақ, веб-қосымша әр оқушының қандай да бір қолдаумен әрі қарай оқуға дайын екендігі туралы кері байланыс береді.

Зерттеудің негізгі нәтижелері қандай?

Біздің зерттеу аясында қосымшамыздың шағын және үлкен деректерді өңдеу қабілетін “тексердік”. Егер тест деректеріне тек 50 студент қатысса және 40 сұрақ болса, қосымшаға есеп жасау үшін жарты секундтан аз уақыт қажет. Деректер 10 000 студенттің тест нәтижелерін және 80 тест сұрақтарын қосқанда, қосымша өте жылдам болды және екі минуттан аз уақыт ішінде есеп берді. Жарты миллион студенттің тест деректерімен есеп жасауға 90 минуттай уақыт кетті. Бұл біршама уақытты қажет етсе де, біздің қосымшамыз екі миллионға жуық студенттердің деректерін өңдейді деп күтеміз, бұл жылына АҚШ-тағы SAT тестілерінен өткен студенттер санына тең.

Неліктен сіз НУ-ға қосылуды ұйғардыңыз?

Жақсы сұрақ. Менің командамның және менің жалпы білімді тереңдету үшін жалпыға қолжетімді бағдарламалық жасақтаманы жасауға қызығушылығымыз зор. Мұнда көптеген техникалық сәттер бар, бірақ  командам және мен екеуіміз бағдарламалық жасақтаманы жалғыз жасамадық. Біз бағдарламалық жасақтаманы бірлесіп жасау және тарату үшін әлемнің мыңдаған бағдарламашылар қоғамдастығының біліміне сүйенеміз. Менің командам және мен осы “краудсорсингтік” шешімдерді мектеп пен білім беру мекемелеріндегі оқушылардың оқуы мен бағалауын жақсарту мақсатында жұртшылықпен бөліскіміз келді. Назарбаев Университетінде академиялық еркіндік бірінші орында тұрғандықтан, мен мұндай жобаны іске қосу үшін тамаша орын деп ойладым.

Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

Бізде жаңа нұсқаларды шығару жоспарлары бар, бірақ нәтижесінде біз бағдарламалық жасақтама жаңа әзірлемелер мен инновациялардың негізі болады деп үміттенеміз.