Әлемдік деңгейдегі бизнес-білімді қайдан алуға болады?

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі (НУ ЖБМ) мен Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес мектебі 2009 жылдан бастап табысты ынтымақтасуда және осы уақыт ішінде бизнес-көшбасшылардың бірнеше буыны өсірді. Форбс басылымына берген сұхбатында НУ ЖБМ деканы Патрик Дюпарк, Фукуа Бизнес мектебінің атқарушы директоры Роберт Олингер және Фукуа Бизнес мектебі деканының жаһандық бастамалар жөніндегі орынбасары Фернандо Бернстайн стратегиялық әріптестіктің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтты.

Дереккөз:forbes.kz