Қазақстанда ерекше балалардың ата-аналарына арналған алғашқы онлайн платформа іске қосылды
Қазақстанда ерекше балалардың ата-аналарына арналған «Ozim Platform» онлайн платформасы іске қосылды. Қосымшаны әзірлеушілер Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебінің түлектері– Әсем Тәжиева, Мария Ипполитова және Дана Мәмбеталина.
«Ерте араласуды қажет ететін баланың анасы ретінде мен де пандемия кезінде оңалтуды ұйымдастырудың шектеулі мүмкіндігін сезіндім», – дейді жобаның негізін қалаушы Тажиева Асем. Бұл тәжірибе тек теориялық материалдарды ғана емес, сонымен қатар баламен үйде қазақ және орыс тілдерінде практикалық сабақтарды қамтитын мобильді қосымшаны құруға мотивация болды.
Толығырақ Inform.kz cайтында.