Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Назарбаев Университеті» ДБҰ қызметкерлерімен кездесуі болды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы 3 наурызда «Назарбаев Университеті» ДБҰ қызметкерлерімен кездесуі болды. Іскерлік жағдайында өткен есепті кездесуде Мемлекет басшысының назарына екі ғылыми орталық: «Nazarbayev University Research and Innovation System» («NURIS») және «Өмір туралы ғылымдар орталығы» («ӨҒО») құрылған сәттен бастап алынған трансляциялық және дербестендірілген медицинаны, иммунобиологияны, физика мен нанотехнологияларды дамыту саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылды.
Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу академиялық нәтижелер және биылғы алғашқы түлектерді оқытып шығаруға дайындық туралы баяндап берді.
Есепті кездесу шеңберінде Мемлекет басшысы екі ғылыми парктің зертханаларында және Пилоттық Технопаркте болған кезде кейіннен коммерцияландырылатын зерттеу жобаларының нәтижелерімен танысты. Атап айтқанда, «NURIS» ғалымдары «Heartstitch» жобасының шеңберінде Ұлттық Медицина холдингімен бірлесіп әр түрлі патологиялары бар науқастардың жүрегіне операциялар жасауды бастады. Осынау, Қазақстан үшін мүлде жаңа операциялардың түрлері көкірек қуысын кеспей-ақ жүрек ауруларының проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Енді пациенттер осындай операция жасалған күні бірден қатарға қосылып үйреншікті қызметін жалғастыра беретін болады. Бұл іс жүзінде келеңсіз салдары болмайтын сенімді де қауіпсіз тәсіл. «ӨҒО» ғалымдары геномдық зерттеулер саласындағы бірқатар жобаларды таныстырды, олардың арасында обыр ауруларының туындауын болжау жөніндегі жоба болды. Оның нәтижелерін пайдалана отырып обыр ауруларының алдын алу және емдеу бойынша барынша ерте және мақсатты жұмыстар жүргізуге болады.
Сондай-ақ, кездесу шеңберінде жасушалардың 20 түріне дейін сұрыптауға мүмкіндік беретін бірегей ғылыми аспаптар, микроскоп, сандық фокусы бар жасуша сұрыптаушы көрсетілді, бұл аспаптар биомедициналық және экологиялық зерттеулерде қолданылуы мүмкін.
Сондай-ақ «NURIS» ғалымдары «диагностикалық шеңбер » деп аталып жүрген жұқпалы аурулардың жедел диагностикасы бойынша жобаны ұсынды. Тест өзінде иммунологиялық және электрохимиялық реакцияларды біріктіретін қағаздағы микрофлюидті чипке негізделген. Технологияның дамуы үш кіші жүйедегі: электрондық анестезия, микрофлюидті чип және медициналық құрылғының шеңберлі құрылымындағы тұжырымдамаларды тексеруден тұрады. Жоба өзінде жедел қосымша арқылы (тіркеуді талап етпейтін) онда пайдаланушылар тест нәтижелерін алу, жұқпалы аурулар туралы қажетті ақпарат табу және тест нәтижелері бойынша ақыл-кеңес алу мүмкіндігі бар білім беру интернет тұғырнамасын (аурулардың алдын алу, жақын орналасқан клиникалар, мамандандырылған форумдарға рұқсат және т.б.) әзірлеуді қамтиды.
Бұдан басқа, экологиялық қауіпсіздікті арттыру және алтын өндіру өнеркәсібінің уытты қалдықтарын рециклингілеу; суды тұщыландыруға арналған энергия үнемдеу мембраналары, жаңа материал – графеннің іргелі қасиеттерін зерттеу және Қазақстан аумағында қолдануға жарамды көптеген қосымшалар әзірлеу сияқты наносинергия және нанотехнологиялар бойынша нәтижелер таныстырылды.
Өмір туралы ғылымдар орталығының зертханаларында ғылыми қызметкерлер геномдық зерттеулер, ауруларға (онкологиялық, жүрек-қан тамырлары, туберкулез және т.б.) генетикалық бейімділікті анықтау және Қазақстан халқын популяциялық зерттеу (қазақстандық дара тұлғалардың толық геномдарының дәйекті тізбегін анықтау) саласындағы жобалар ұсынылды. «Өңеш обырының геномды және транскриптомды бейіні»жобасында қазақстандық науқастардың өңеш обырының жайпақ жасушалы обырының даму ерекшеліктері зерттеледі. Алынған нәтижелер аурудың дербестендірілген ерте терапиясы үшін жаңа биомаркерлер мен таргеттерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Өмір туралы ғылымдар орталығының зертханаларында ғылыми қызметкерлері Қазақстанда алғаш рет жүрек соғысы бұзылған аурулардың жүректен ауруларынан кенеттен қайтыс болған маркерлеріне генетикалық маркерлерін зерттеу бойынша Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының кардиологтарымен бірлесіп жүргізілген жоба ұсынылды. Зерттеудің алғашқы нәтижелері жүрек қуыстары тахикардиясынан зардап шеккен пациенттерде жүрек рианодинді рецептор генінде жаңа мутацияларды анықтау болып табылады. Алынған нәтижелерге орай, пациенттерді емдеуді жүргізу тактикасы мен олардың отбасы мүшелерінде ауруды ертерек диагностикалау мен алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар әзірленген болатын. Қазақстандық дара тұлғалардың толық геномдарын зерделеу бойынша зерттеулер Қазақстанда геномды және дербестендірілген медицинаны дамытудың негіздерін салады.
Кездесу қорытындылары бойынша Президент ғылыми қызметкерлердің атқарған жұмыстарын жоғары бағалады. Ол сондай-ақ, «NURIS» және «ӨҒО» ғалымдары қол жеткізген ғылыми зерттеулердің нәтижелері Қазақстан Республикасының дамуы үшін және ұлтты сауықтыру игілігіне тиімді пайдаланылуы тиіс деп атап көрсетті. Осы мақсаттар үшін Назарбаев Университетінің базасында жаңа Технопарк салу жоспарланып отыр және қазірдің өзінде «Astana Business Campus» ғылыми паркінің мастер-жоспары әзірленді.
Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, 53, каб.1115
+7(7172)709357, 706088, 706089, 708954, 706090