Назарбаев Университеті Әлеуметтік даму қорының пандемия кезеңіндегі бастамалары

Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры елдегі волонтерлік қозғалысына қолдау көрсетуге, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге бағытталған бірқатар бастамаларды жүзеге асырды. 

Назарбаев Университетінің барлық қауымдастығы секілді Әлеуметтік даму қоры  COVID-19 вирусының таралуын тежеуге бағытталған шараларды қолдайды.

2020 жылдың наурыз айынан бастап Астана Медицина Университетінің 52 студенті № 3 көпсалалы қалалық ауруханада, Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында және туберкулезге қарсы диспансерінде СOVID -19 пандемиясына қарсы күресте медицина қызметкерлеріне волонтерлық негізде көмек көрсетуде. Болашақ дәрігерлер термометрияға, артериялық қысымға және пациенттердің көңіл-күйіне мониторинг жүргізеді, пациенттерге тамақ жеткізуді жүзеге асырады, күнделікті медициналық құжаттарды жүргізуге көмектеседі және басқа да қолдан  келген көмек көрсетеді.

Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина университетінің студент-еріктілері олар іс жүзінде “орташа қауіп” тобында болғанымен,  мемлекеттен қаржылық төлемдер алатын медицина қызметкерлерінің қатарына жатпайды.

Әлеуметтік даму қоры Астана медицина университетінің ректоры Дайнюс Павалькистің өтініші бойынша коронавирус инфекциясына қарсы күреске тартылған студент-еріктілерге көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Енді бұл студенттер ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия белгілеген мерзімде және мөлшерде орташа қауіптілік тобына арналған төлемдер алатын болады.

“Балалар өз бастамасы бойынша күндіз- түні, демалыссыз, халықтың денсаулығын сақтау үшін еңбек етуде, біз студенттерімізді ынталандырып қолдау көрсеткені үшін Әлеуметтік даму қорына өте ризамыз”, – деп атап көрсетті “Астана медицина университеті” ҰАҚ Баспасөз орталығының жетекшісі Динара Қожахметова.

Астана Медицина Университетінің студент-еріктілеріне көмек көрсетумен қатар, НУ Әлеуметтік даму қоры Ұлттық еріктілер желісімен серіктестікте Қазақстанның өңірлерінде компьютерлері жоқ болуына байланысты қашықтан оқыту мүмкіндігі болмаған медицина қызметкерлерінің балаларына көмек көрсетті.

Көмек көрсету үшін отбасылар оларда компьютерлердің болуына, сондай-ақ отбасының жалпы жағдайына байланысты Денсаулық сақтау департаменттері мен жергілікті жерлердегі мәслихаттар ұсынған деректер негізінде таңдалады. Қордан көмек алғандардың көпшілігін медбикелердің, санитарлардың, фельдшерлердің жанұялары, оның ішінде көп балалы отбасылар құрады. Жалпы қорытындысында,  Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан, Павлодар, Көкшетау, Шымкент, Теміртау қалаларынан 100 медицина қызметкерінің балалары компьютерге ие болды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта Қор медициналық қызметкерлер үшін қорғау және диагностика құралдарын сатып алуды жүргізуде.

Сонымен қатар Қор NU Alumni Public Union ұйыммен бірлесе отырып жалпы республикалық “BizBirgemiz” акциясын қолдады, оның мақсаты – пандемия және карантин жағдайында қиын өмірлік жағдайға тап болған отандастарымызға қолдау көрсету. Әлеуметтік Даму Қорының қолдауымен, сондай-ақ Назарбаев Университетінің жүздеген түлектерінің үлесінің арқасында азық-түлік пакеттерін сатып алуға 757.749 теңге жиналды. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында әлеуметтік жағынан осал 75 отбасына көмек көрсетілді. Осы бастамаға республикалық фронт-кеңсенің еріктілері да қосылып, адресаттарға бірінші кезекте қажетті тауарлар салынған пакеттерді жеткізді.

Түлектер қауымдастығы осы акцияға қатысқан барлық немқұрайлы жандарға,  оның ішінде өз отандастарына осындай қажетті қолдау көрсеткендер түлектерге, пакеттерді жеткізген тамаша еріктілерге және бұл акцияға қолдау көрсеткендердің барлығына үлкен алғыс білдіреді.

Қор коронавирус инфекцияның таралуына қарсы күреске зор  үлес қосып отырған барлық медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ, осындай қиын кезеңде көмекке мұқтаж отандастарымызды қолдайтын барлық жанашыр адамдарға шексіз алғысын білдіреді.

Назарбаев Университетінің  COVID-19 вирусының таралуын тежеуге бағытталған басқа да шараларына қатысты сіздер біздің келесі жарияланымдарымыздан білетін боласыздар.