Назарбаев Университеті студенттерінің Әлем Университеттері Арасындағы Дебат Сайысындағы жетістіктері
Назарбаев Университетінің студенттері, “Номад” дебат клубының мүшелері Іңкар Айтқожына және Мадина Қабдуалиева (Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі) Куала-Лумпур (Малайзия) қаласында өткен Әлем Университеттері Арасындағы Дебат Сайысына қатысып қайтты.
Сайысқа әлемнің ең үздік 400-ге жуық командасы қатысты. Біліктілік кезеңінің нәтижелері бойынша Іңкар мен Мадина 13 ұпай жинап, “Aғылшын тілі шетелдік тіл” болып табылатын категориясында жартылай финалға өтті. Назарбаев Университетінің командасы әлемдегі 8 ең үздік командалардың ішіне кірді.
Біз студенттерімізді мақтан етеміз және оларға алдағы сайыстарда сәттілік тілейміз!