Назарбаев Университеті жаңа студенттерге есігін ашты

Назарбаев Университетінде жаңа студенттер үшін Бағдарлау апталығы өтті. Бұл жыл сайынғы іс-шара студенттерді студенттік өмірдің барлық аспектілерімен және ерекшеліктерімен, университет тарихымен, дәстүрлерімен және ережелерімен таныстыру үшін өткізіледі.

Топтық және мамандандырылған ақпараттық сессиялардың арқасында жастар жаңа жағдайларға оңай бейімделіп, академиялық ортаға жылдам еніп, үлкен студенттік отбасында достық қарым-қатынас орнатады.

Бағдарлау апталығы аясында студенттерді тікелей кампуста орналасқан университеттік емханаға автоматты түрде бекітеді. Басқа қаладан келген студенттер жоғары оқу орнының оқу корпустарымен жабық әуе өткелімен қосылған жайлы жатақханаларға қоныстанады. Кампуста білімгерлерге қажетті қызметтің барлық түрлері бар: қоғамдық тамақтану және шаштараз нүктелерінен бастап, коворкингтер мен клубтар ұйымдастыру мүмкіндігіне дейін.

Университет өмірі – бұл тек оқу ғана емес, ғылыми-зерттеу, кәсіби, мәдени және ойын-сауық түрлерін қоса алғанда,  жоғары оқу орнында әртүрлі қызығушылықтар бойынша жұмыс істейтін 200-ден астам студенттік клубтар арқылы студенттер жан-жақты даму мүмкіндіктеріне ие болады. Жаңа студенттер өздерін спорт өмірінде де танытуда үлкен мүмкіндіктерге ие – Назарбаев Университетінде студенттер фитнес, би, жекпе-жек, құзға өрмелеу секілді ойын түрлерімен және жүзумен айналыса алатын ең заманауи Спорттық-атлетикалық орталық орналасқан.

Бағдарлау апталығы кезінде барлық жаңа студенттерге Назарбаев Университетінің брендтті футболкаларымен бірге, естелік сыйлықтар табыс етілді. Бағдарлау іс-шаралары кезінде көптеген студенттер болашақта айналысқысы келетін қандай да бір қызмет бағыттарын және жеке даму бағдарламаларын таңдап үлгерді.

2019 жылғы Университет алдындағы дайындық бағдарламасы бойынша білім алған студенттердің бірі Абылайхан Қазымбетов: «Бағдарлау апталығы бізге бәрін көрсетіп отырғанымен өте қызықты. Мұнда келіп, жан-жағыңа қарап, осы секундттен бастап сен – үлкен бір нәрсенің бөлігі екеніңді түсінесің. Менің ойымша, осыдан университетке деген махаббат туады. Ал менің Назарбаев Университетіне деген ұстанымым ұзақ болды. Менің құжат тапсырған жалғыз оқу орны осы оқу орны және осында оқу үшін маған байланысты барлық жағдайды мақсатты түрде жасауға тырыстым Сонымен қатар, мен ACM клубына жазылдым және өзімнің WebDev Club ашуды жоспарлап отырмын және оған пікірлестер табылды» – деп өзінің бірінші университеттік іс-шарасына қатысудан алған әсерлерімен бөлісті

Назарбаев Университеті Студенттік істер жөніндегі департаментінің ұжымы балаларға «Білім және ғылым әлеміне саяхатты бастаған барлық студенттерге ақ жол тілейміз. Бұл қиын, үздіксіз еңбек пен күш – жігерді талап ететін, бірақ әрқашан таңқаларлық, қызықты және әр түрлі оқиғаларға толы жол», – деп тілектерін білдірді.