Назарбаев Университетінде “Tom: NUR-SULTAN” Мейкатон әлеуметтік жобасы басталды

2019 жылдың 25 қазанында Назарбаев Университетінде ІХ Мейкатонның екінші кезеңі өтеді, онда  пысықталған идеямен және оны прототипке әзірлегеннен кейін PreTOM-нан бір ай өткеннен соң  35 қатысушыдан құрылатың жеті команда  кездеседі.

Мейкатон – бұл 72 сағаттық марафон, онда өнертапқыштар, әзірлеушілер, инженерлер мен дәрігерлер (мейкерлер – makers) мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдету үшін прототип жасау жұмыстарымен (нидноуерлер – need knowers) айналысады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мейкатондар Павлодар облысы, Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында өткізілген болатын.

PreTOM мейкатонының бірінші кезеңі 20 қыркүйекте өтті. Бірінші кездесуде командалар нидноуерлермен бірге прототипке енгізу идеялары мен тәсілдерін ойлап тапты.

Өткен мейкатондарда қазақстандық мейкерлер тірек-қимыл жүйесі бұзылған адамдарды оңалтуға арналған экзоскелет, тұрмыстық жағдайларда нашар еститін адамдарды бағдарлауға арналған білезік, көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған smart-аяқ киім және т.б. сияқты әзірлемелерді ұсынды.

Мейкатон қатысушыларының материалдарды, сондай-ақ технологиялық әзірлемелерді жасау үшін заманауи және қуатты жабдықтарды, бірегей станоктарды, Назарбаев Университеті инновациялық кластерінің “Fab Lab” цифрлық прототиптеу зертханасының 3D-модельдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға бірегей мүмкіндігі бар.

“ТОМ: NUR-SULTAN” Мейкатон жобасын ұйымдастырушылар: Назарбаев Университетінің NURIS инновациялық кластері, “Астана Жастары” атты жастар ресурстық орталығы, Қазақстандағы Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығы және Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі.