Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен өткен Жаһандық мәдени бойлау бағдарламасына Цинхуа Университетінің студенттері қатысты

Назарбаев Университеті 2019 жылдың 22 шілдесінде (НУ) Цинхуа Университетінің (ҚХР) 19 студенті мен 2 оқытушысын Жаһандық мәдени бойлау бағдарламасының аясында қарсы алды.

Қарқынды екі апталық академиялық бағдарлама (2 ECTS кредиті бар) қатысушыларды Қазақстанның тарихымен және мәдениетімен таныстыруға бағытталған. Студенттер әлеуметтік және саяси үдерістерді зерделеп, сабақ барысында келесі тақырыптарды қарастырды:

  • Орталық Азия – еуразиялық өркениеттердің тоғысында: алғашқы Қазақ мемлекетінің пайда болуы және қалыптасуы;
  • Ресей империясының билігі кезіндегі Қазақстан: отаршылдық басқару;
  • Сталин тұсындағы Қазақстан: ұжымдастыру, депортация, репрессия және Екінші дүниежүзілік соғыс;
  • Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан: кеңестік индустрияландыру бағдарламасы;
  • ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан: Кеңес Одағының ыдырауы және Қазақстанның тәуелсіздігі;
  • Қазақстандағы мәдениет, этникалық әртүрлілік, діни толеранттылық және әлеуметтік ынтымақтастық;
  • Саяси даму мен жүйе;
  • Әлеуметтік даму, гендерлік рөлдер, отбасы құрылымы және жаңа ұрпақ;
  • Бір белдеу, бір жол: Қазақстан және Қытай.

Сонымен қатар, студенттер Нұр-Сұлтан қаласы мен Бурабай ұлттық паркіндегі туристік орындарға барып, НУ еріктілері ұйымдастырған әртүрлі іс-шараларға қатысты.

Қатысушылардың бағдарлама жайлы пікірлері:

«Қазақстан мен бұрын елестеткен елге ұқсамайды.  Бұл – тарихы мен мәдениеті бай, заманауи, ашық мемлекет».

«Біздің бағдарламамызды белсенді ұйымдастырғаны үшін мұғалімдер мен еріктілерге үлкен рахмет. Мен осында уақытымды керемет өткізіп, көп нәрсеге үйрендім. Сіздердің қонақжайлылығыңыздың арқасында біз өзімізді үйдегідей сезіндік».

«Қала бойынша серуендер мен бағдарлама барысындағы іс-шаралар керемет өтті. Бұл Қазақстанның тарихы мен мәдениетін бейресми жағдайда зерттеуге өз көмегін тигізді».

«Бұл бағдарлама әр түрлі, инклюзивті және көп қырлы. Ең жағымды бөлігі – еріктілермен қарым-қатынас жасау, өйткені бұл бізге өзара пікір алмасуға мүмкіндік береді».

* Назарбаев Университеті мен Цинхуа Университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға 2017 жылғы 19 мамырда қол қойылған.