Назарбаев Университетінің математикадан Бірінші Олимпиадасы

2020 жылдың 25 қаңтарында Назарбаев Университетінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің 10-12 сынып оқушылары үшін математикадан Бірінші Олимпиада өтті. Назарбаев Университетінің Провосты Илесанми Адесида, Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Даирова Қадиша Нурдүлдәқызы және оқу ісі жөніндегі Вице-провосты Лоретта О’Доннелл Олимпиаданың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтады.

– Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылықты арттыру және ерте жастағы дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау – бұл біздің  олимпиадамыздың мақсаты, – дейді Назарбаев Университетінің Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президенті Қадиша Нұрділдақызы Даирова.

Университеттің бірінші пилоттық-эксперименттік Олимпиадасына математикаға қызығушылық танытқан 10-12 сыныптардың 46 оқушысы қатысты. Олимпиада тапсырмаларының күрделілік деңгейі Республикалық және Жәутіков олимпиадалары тапсырмаларының күрделілігі арасында өзгеріп отырды. Олимпиадаға қатысушылардың пікірінше, міндеттердің күрделілігіне қарамастан, сұрақтар қызықты және ойластырылған болды.

– Олимпиаданың жеңімпаздары мен қатысушылары ретінде өздерін көрсете білген балалар үшін бір апталық жаттығу жиындарына ұқсас бастамаларды Назарбаев Университетіне ұсынғым келеді. Яғни бұл жерде тек қатысу және жеңу ғана емес, сонымен қатар жаттығу жиынының нәтижелері бойынша балалардың өсуі мен жетістіктерін қадағалауға болады, – деп  ұсынды Astana Garden School математика мұғалімі және Назарбаев Университетінің 2017 жылғы түлегі Арман Тайлақов.

Математика олимпиадасынан басқа, қатысушыларға түрлі іс-шаралар өткізілді: зияткерлік ойын, ақпараттық сессиялар және Назарбаев Университетінің кампусына экскурсия.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Назарбаев Университеті «STEM — білім берудегі инновация» тақырыбындағы Республикалық STEM олимпиадасының және IQanat республикалық олимпиадасының тең ұйымдастырушысы болған еді. Алдағы уақытта Назарбаев Университеті астаналық мектептердің оқушылары үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының орта мектептерінің оқушылары үшін де олимпиада өткізуді жоспарлап отыр.

Назарбаев Университетінің математикадан Бірінші Олимпиадасының жеңімпаздары:

I – орын –  Дюйсенбеков Данат, Білім – инновация лицейінің 11 сынып оқушысы;

II – орын – Жеңіс Алиби және Тулеубаев Чингиз, Нұрорда лицейінің 10 сынып оқушылары; Сам Феткуллах және Раушанов Марлен, Білім – инновация лицейінің 10 сынып оқушылары;  Конкаева Бибигуль және Нұрғуатов Нұржан, Нұрорда лицейінің 11 сынып оқушылары; Ашкен Абылай, Білім – инновация лицейінің 11 сынып оқушысы;

 III – орын – Уалиева Дильназ, «Зерде» мектебінің 10 сынып оқушысы; Абдикаримов Бексұлтан, Білім – инновация лицейінің 10 сынып оқушысы.

Олимпиаданың барлық жеңімпаздарына медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді, ал Олимпиадаға қатысушылар қатысу сертификаттарын алды.

Олимпиаданың ұйымдастырушысы, Назарбаев Университетінің Үздіксіз білім беру департаменті, «Астана Дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығына, Олимпиаданың қосымша ұйымдастырушысы Назарбаев Университетінің «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорына, Назарбаев Университетінің жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры Мұстафа Манатқа, тапсырмаларды әзірлеушілерге, қазылар алқасына, сонымен қатар университеттің еріктілеріне осы шараны өткізуге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.