Назарбаев Университетінің студенттері Қазақстанда гендерлік теңдікті қолдау шеруін ұйымдастырды
Әлеуметтану және антропология студенттерінің қауымдастығы Қазақстандағы гендерлік теңдікті қолдау шеруін ұйымдастырды, оған Назарбаев Университетінің студенттік клубтары мен профессорлары қатысты. Іс-шара Халықаралық әйелдер күніне орайластырылып, 8 наурыз күні Университет кампусында өтті.
Іс-шараның басты мақсаты Қазақстан әйелдерінің проблемаларына, атап айтқанда жалақыдағы гендерлік теңсіздікке, әйелдердің STEM-кәсіптер мен әкімшілік лауазымдарда жеткіліксіз өкілдік етуіне, әйелдердің қоғамдық өмірге тең қатысуына кедергі келтіретін Қазақстандағы гендерлік стереотиптерге назар аудару болды.
“Біз-Қазақстандағы жетекші жоғары білім беру мекемелерінің бірі, Назарбаев Университетінің студенттері-теңдік пен әділеттілікке ұмтыла отырып, қазіргі әлемде әйелдер құқығы мәселесін көтерудің қажеттілігіне нық сенеміз. Біз үшін шеру – гендерлік теңдік идеясымен ынтымақты білдіру және 8 наурыздың әйелдер құқығын қорғау күні ретіндегі әлеуметтік маңыздылығын еске салу ретінде маңызды. Сондай – ақ, еліміздің әйелдеріне қолдау көрсетіп, Назарбаев университетінің жастардың бастамаларын қолдайтын ашық және прогрессивті мекеме ретіндегі ұстанымын белгілегіміз келеді,” – деп өз пікірімен әлеуметтанушылар мен антропологтар Студенттік қауымдастығының мүшесі Лилия Мұхамеджанова бөлісті.
Ұйымдастырушы студенттер шеру манифесін оқып, онда әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қысымшылыққа қарсы өз ұстанымдарын білдірді, Covid-19 пандемиясының білім беру және жұмыс саласындағы әйелдердің қазіргі проблемаларына теріс әсеріне назар аударды. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты.