НУ мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы Еуропалық оқыту қорының зерттеуіне қатысты
NU Мансап және кеңес беру орталығы (NU CAC) Еуропалық оқыту қоры (ETF) жүргізген еңбек нарығының тез өзгеріп отыруы және жұмыстың болашағы жағдайында «Мансаптық бағдардағы халықаралық тенденциялар мен инновациялар» тақырыбындағы зерттеуге қатысты.
ETF зерттеуі кәсіптік бағдар берудің шешуші рөлі мен өсіп келе жатқан маңыздылығын және оның ЕО, серіктес елдер және халықаралық деңгейдегі инновациялық тәсілдермен жаңа сын-қатерлерге қалай жауап беретіндігін көрсетті. NU CAC-ң бұрынғы директоры Евгения Ким 2019 жылдың күзінде ETF сарапшысымен сұхбаттасып, NU-нің тәжірибесін ЕО және ETF серіктес елдері арасында жұмыспен қамту тұжырымдамасы мен хабардарлығын арттыру үшін мансаптық бағдар беруді насихаттау мен жеңілдетудің инновациялық үлгісі ретінде көрсетті. NU CAC кейсі «мансапты басқару дағдыларының» негізгі құзыретіне, жұмыс берушілермен ынтымақтастық және өзара әрекеттестік механизмдеріне бағытталған.
Зерттеудің екі томы 2020 жылдың қараша айында жарық көрді және келесі сілтеме арқылы қол жетімді:
https://www.etf.europa.eu/sites/default/files/2020-11/innovation_in_career_guidance_vol._1.pdf
https://www.etf.europa.eu/sites/default/files/2020-11/innovation_in_career_guidance_vol._2.pdf