NU PhD бағдарламасы түлегінің зерттеуі ел тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етуге көмектеседі

Біздің бүгінгі сұхбаттасушымыз – 2020 жылғы Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің PhD in Science, Engineering and Technology бағдарламасының түлегі Әлжан Бәйменов. Қазір ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның постдокторанты, сондай-ақ Назарбаев Университетінде зерттеуші ассистенті ретінде жұмысын жалғастыруда.

  1. Диссертацияңызда қандай тақырыпты зерттедіңіз?

Менің диссертациямның тақырыбы – “Су және биологиялық ортадан ауыр металдарды жоюға арналған ірі кеуекті полимерлі композиттер”. Жасыратыны жоқ, ластанған суқоршаған экожүйені бұзып және улап, табиғатқа зиян келтіреді. Сондықтан таза сумен қамтамасыз ету проблемасы – бүкіл адамзаттың, соның ішінде Қазақстан үшін де өзекті мәселелердің бірі. Менің мақсатым ластанған судан, сондай-ақ металдармен уланған жануарлар ағзаларынан улы металл иондарын кетіруге арналған ірі кеуекті полимерлерді, атап айтқанда криогельдерді жасау болды.

Менің зерттеулерімнің нәтижелері көрсеткендей, әзірленген криогельдер улы металл иондарын модельдік ерітінділерден де, табиғи көздер суларынан да алып тастаудың жоғары тиімділігіне ие. Сонымен қатар, біз криогельдерді уланған жануарлардың денесінен кадмий, стронций, цезий және сынапты адсорбциялау үшін энтеросорбенттер ретінде сынап көрдік. Эксперименттер менің сыртқы ғылыми жетекшім – профессор Талғат Нұрғожиннің қолдауымен Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында жүргізілді. Нәтижелер криогельдерді қолданған кезде жануарлардың өмір сүруі шамамен 100%-ды құрағанын, ал емдеусіз жануарлардың тек 30%-ы ғана аман қалғанын көрсетті.

Осылайша, криогельдерді суды тазартуға арналған сүзгілер, сол сияқты энтеральды детоксикацияға арналған сорбенттер ретінде де қолдануға болады. Менің әзірлемелерім болашақта тәжірибелік  қолданылып, ел тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етуге септігін тигізетініне сенімім мол.

  1. Сіздің диссертацияңыз бойынша жұмыс процесі қалай өтті?

Мен таңдаған тақырып мен үшін жаңа болғандықтан, басында маған қиын болды. Бірақ мен нәтижеге және ғылымның соңғы сөзімен айтқанда, заманауи аспаптық-материалдық базамен жабдықталған тиісті жағдайларға қол жеткізуге ұмтылдым. Сонымен қатар, менің PhD зерттеуіммен жұмыс жасау барысында менің айналамда білімді және жанашыр адамдар болды. Осы тұста мен өзімнің жетекшілеріме – профессорлар Вассилис Инглезикис пен профессор Ставрос Полополосқа кез келген жағдайда үлкен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Әрине, мен өз отбасыма шыдамдылық, түсіністік пен қолдау көрсеткені үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді.

  1. Алдағы жоспарларыңыз туралы айтып берсеңіз

Қазір мен ғылыми қызметпен айналысуды жалғастырамын. Биыл мен ҚР БҒМ грантын жеңіп алдым, соның арқасында үш жыл бойы суды антибиотиктерден тазарту үшін криогель синтезімен айналыса аламын. Неліктен антибиотиктер? Бұл пандемия кезінде тұтынылатын антибиотиктердің саны едәуір артып, олардың көп бөлігі ағынды суларға өзгеріссіз немесе метаболиттер ретінде түседі, бұл болашақта қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан, болашақта оны шешу жолдарын ұсыну үшін осы тақырыпты зерттеуді бастау маңызды деп санаймын.

  1. Болашақ докторанттарға сіздің ұсыныстарыңыз/тілектеріңіз

Болашақ докторанттарға мен өз зерттеулерінде табанды болуды, егер ештеңе шықпай жатса да үміт үзбеуді және қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмауды тілеймін! Зерттеу жұмысыңыздың саласында жарияланған заманауи ғылыми әдебиеттерді оқып, барлық проблемалық мәселелерді талқылаңыз, білмегеніңізді немесе ештеңе шықпай жатса, аға әріптестеріңізбен немесе профессорлармен кеңесуден тартынбаңыз. Талаптаныңыз, талпынған мұратына жетеді!