НУ студенті “Жыл волонтері” атанды
NU SSH 3 курс студенті Диляра Бегалықызы БҰҰ волонтерлер бағдарламасының 50 жылдығына орай ұйымдастырылған “Жыл волонтері” халықаралық байқауында “Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары” марапатына ие болды.
“Жыл волонтері” – бұл әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын ынталандыруға бағытталған халықаралық сыйлық. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша тағайындалды.
Байқау екі кезеңнен тұрды: алдымен qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру өтіп, ең көп дауыс жинаған қатысушыларды конкурстық комиссия бағалады. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатыса алды.
Диляра-саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы бакалавриаттың үшінші курс студенті және “БҰҰ Моделі” клубының президенті. Бұл клуб аясында пікірталастар мен түрлі іс-шаралар өткізіледі. Қазіргі уақытта Диляра БҰҰ-ның “Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” науқанында жұмыс істейді.
“Мен үшін жылдың волонтері болу – бұл ең алдымен альтруист болу және өзіміз өмір сүріп жатқан қоғам туралы ойлау. Менің басты бағытым – БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын ілгерілету. Мен БҰҰ адамзаттың жаһандық мәселелерін шешу үшін белгілеген 17 мақсатқа жету үшін жұмыс істеп жатырмын.”,- дейді Диляра.
2021 жыл Диляра үшін жемісті болды. “Жыл волонтері” халықаралық сыйлығынан басқа ол “ҚР Құрметті азаматы”, сондай-ақ “Қоғам белсендісі – Үздік Көшбасшы” атақтарына ие болды.
“Осының бәрі менің қызметімнің маңыздылығын көрсетеді, сондықтан келесі жылы осы салада одан әрі жұмыс істеп, жастарды көптеп тарта отырып, жаңа жобаларды іске қосуды жоспарлап отырмын. Менің ықыласым волонтер болуға ауды!”,- деп бөлісті Диляра.