НУ студенттері iGEM жаһандық байқауында алтын медальді жеңіп алды

Назарбаев Университетінің студенттерінен құрылған iGEM Қазақстан тобы Халықаралық генетикалық инженерлік машина (iGEM) байқауында алтын медаль иеленді. iGEM ​​байқауы  – синтетикалық биология саласы бойынша жыл сайынғы халықаралық ауқымды іс-шара. Оған жоғары оқу орындарының студенттері, түлектері және жоғары сынып оқушылары қатысады. Жыл сайын 6000-ға жуық студент жаз уақыттарын iGEM-ге арнайды, ал күздеәлемдік қауымдастыққа оң үлес қоса алатын жобаларын ұсыну үшін Бостонда жиналады. АҚШ, Канада, Чили, Пәкістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Мысыр, Болгария, Мексика, Бразилия, Германия, Франция және Австралия биылғы жылы қатысышу елдердің-қатарында болды.

iGEM ​​Қазақстан тобы – бұл жарысқа 2013 жылдан бастап қатыса бастаған Орталық Азиядан жалғыз топ. Сегіз жыл ішінде екі алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Назарбаев Университетінің бұл топ құрамы iGEM топтарының тарихында алғаш рет көптеген марапаттарға, соның ішінде ең жақсы экологиялық жобаға арналған Track Award және үш арнайы марапатқа – «Best Wiki, Best Inclusivity, және Best Sustainability  номинациясына ие болды. Сонымен қатар, 255 бакалавриат топтарының арасында жылдың үздік 10 жобасының қатарына енді.

iGEM ​​Қазақстан командасы Wetlab, Drylab және Human Practices сияқты жобаны әзірлеудегі рөлдер мен жауапкершіліктерге сәйкес ішкі бөлімдерге бөлінген. Команда мүшелері – SEDS және NU SSH бакалавриат студенттері. Жобаны NU SEDS ассоциативті профессоры доктор Энрико Марсили, химия инженериясы және материалтану кафедрасының ғылыми қызметкері доктор Обинна Аджунва және НУ түлегі, қазіргі таңда Мюнхендегі Людвиг Максимилиан университетінің магистрант студенті Дәулет Айтымбаев басқарады. 

Топ Қазақстанның эндемикалық флорасы мен фаунасына қауіпті мұнай төгілулеріне қарсы әрекет етудің қауіпсіз әдісін әзірлеумен айналысуда. Жоба шикі мұнайды биоремедиациялаудың жаңа агенті – «Remi, du et!» әзірлеу арқылы осы мәселенің шешімін табуға арналған.

Қазіргі уақытта команда Pseudomonas aeruginosa үлгі штамы бойынша қажетті экспериментті аяқтап, кейбір қазақстандық компаниялармен бірге жұмыс жасау үшін негіз құруда. Келесі жылы топ жасанды түрде жасалған бактериялардың биоөңдеуін өнеркәсіптік масштабқа шығаруды жоспарлап отыр.