НУ студенттері Нидерланды және Германия елшіліктерінде тағылымдамадан өтеді
Назарбаев Университетінің студенттері Диас Тәкенов пен Аружан Мейірханова Нидерланды мен Германия елшіліктерінде бір күндік тағылымдамадан өтеді. Бұл эссе конкурсындағы 1-ші және 2-ші орын үшін сыйлық болды. Осы жазда НУ Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасы (PSIR) өз студенттері арасында эссе конкурсын жариялады. Өз жұмыстарында студенттер КСРО ыдырағаннан кейін Орталық Азия өңірінде діннің кеңінен таралуы туралы талқылау жасаулары тиіседі. Студенттерге осы үрдістің өңір елдері үшін болуы ықтимал салдары туралы өз ойларымен бөлісу ұсынылды.
“Біз студенттерді жазда да зерттеу жұмыстарын жалғастыруға ынталандыру үшін конкурс өткізгіміз келді, сондай-ақ студенттерге қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс істейтін әртүрлі елдердің елшілері үшін қызығушылық тудыратын тақырып бойынша өз пікірлерін білдіруге ұсыныс жасағымыз келді. Сондай – ақ, бұл мәселені талдау және студенттердің аналитикалық қабілеттерін дипломатиялық қоғамдастыққа көрсету үшін студенттерді біріктіруге тамаша мүмкіндік болды”, – деді ЖГӘҒМ профессоры Жан Франсуа Карон.
Студенттердің жұмысын Канада мен Еуроодақ елдерінің елшілері бағалады. Дипломаттар Орталық Азиядағы ислам тарихы туралы құнды және өзекті ақпарат берген студенттердің эсселерінің сапасына таң қалғанын айта кету керек.