НУ студенттері Президент грантын жеңіп алды

Елбасының «Ақорда» резиденциясында Назарбаев Университетінің студенттеріне «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табыс етілді. Тұсаукесер рәсіміне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатыcып, марапатты өз қолынан табыстады.

NU SSH 3-ші курс студенті Арсен Оразбек, NU GSB магистрі Гаухар Жакажанова және NU SEDS магистранты Марғұлан Ермек «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алды. Жеңімпаздардың әр жобасына 3 миллион теңге қаражат бөлінеді. 

Сайысқа 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының жас азаматтары қатысты. Мемлекет бойынша барлығы 30 грант бөлінген. Жаңа идеялар мен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған гранттар келесі бағыттар бойынша берілді: Ғылым, Мәдениет, Бизнес, БАҚ, Ақпараттық технологиялар.

«Ғылым» номинациясында NU Kazakhstan iGEM 2021 командасының өкілі Арсен Оразбек пен оның әріптестері жеңіске жетті. iGEM ​​командасы сыйақысын синтетикалық түрлендірілген P.putida бактериясын қолданатын биоөнім жасау арқылы мұнай өндіруді жақсарту және мұнаймен ластанған аймақтарды тазартуға бағыттайды. Естеріңізге сала кетейік, биыл қараша айында iGEM командасы синтетикалық биология бойынша халықаралық жарыста алтын жеңіп алған болатын.

«Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша екі грант Магистр Гаухар Жакажанова, MBA бағдарламасының түлегі, мен NU SEDS «Инженерлік менеджмент» бағдарламасының 2-ші курс магистранты Марғұлан Ермекке табысталды.

Гаухар қаржыландыруды виртуалды сыныптағы мобильді қосымшамен біріктірілген гибридті FocusED now-SaaS смартфон платформасын дамытуға бағыттайды.

Марғұлан Essentail Technologies LLC өнім менеджері ретінде грант ұтып алды. Қаржы білім емтихандарын онлайн бақылауға арналған Aero бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізуге жұмсалады.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және олардың ғылымда өркендеп дамуына тілектеспіз!