НУ және ArcelorMittal болат шлактарын қайта өңдеу бойынша бірге жұмыс істейді
Назарбаев Университеті өнеркәсіптік индустрия көшбасшыларымен ынтымақтастығын жалғастыруда. 24 мамырда НУ Проректоры Илесанми Адесида ArcelorMittal Temirtau бас директоры Бижу Наирмен келісімге қол қойды. Құжатта тараптар конвертерлік өндіріс шлактарын талдау және қайта өңдеу бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуге келісті.
Келісім шеңберінде НУ зерттеушілері жол өндірісінде болат шлактарын пайдаланудың қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша зерттеулер жүргізеді. Сондай-ақ, НУ ғалымдары шлактың химиялық құрамы мен минералогиясы бойынша оны одан әрі ауыл шаруашылығында қолдану үшін жұмыс істейтін болады.
“Біз ірі халықаралық компаниялармен қарым-қатынасты дамытуға мүдделіміз. Бұл жоба бүкіл экологиялық қауымдастық үшін, ғылыми әлеует пен Қазақстан экономикасы үшін маңызды. Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі жетекші өнеркәсіптік компаниялардың бірі болып табылатын АрселорМиттал Теміртау сияқты компаниямен ынтымақтастық бұл саланың өзекті мәселелерін шешуде Назарбаев Университетінің әлеуетін көрсетудің жақсы мүмкіндігі”, – деді Назарбаев Университетінің Провосты Илесанми Адесида.