NURIS 3-ші ABC Incubation x TCA 3.0 онлайн бағдарламасына өтінімдерді қабылдауын ашты

NURIS-те ABC Incubation x TCA 3.0 үшінші онлайн бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды. Назарбаев Университетінің инновациялық кластері жаңа бастаған кәсіпкерлерге 12 апта ішінде  идеясын бизнеске айналдыруға көмектесуді ұсынады. ABC INCUBATION – бұл сіздің стартапыңызды дамыту мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар білім алуға, бизнес-идеяның өміршеңдігін тексеруге және пікірлестермен кездесуге арналған алаң.

Қатысу барлық адамдар үшін ашық, үздік бизнес-идея 3,5 млн. теңге көлемінде қаржыландыруды жеңіп алу және халықаралық платформаларда өз жобасын ұсыну мүмкіндігіне ие болады. Өтініштерді жинау 2021 жылдың 4 шілдесіне дейін созылады. Қатысуға өтінімді мына сілтеме арқылы толтыра аласыз.

ABC INCUBATION – бұл NURIS-тің жыл сайынғы бизнес-инкубациялау бағдарламасы. Оның мақсаты – жаңа идеяларды, технологиялық әзірлемелерді және инновациялық бизнес жобаларды ерте кезеңде қолдау. ABC Incubation бағдарламасының нәтижесінде стартаптар қысқа уақыт ішінде команда құрып, өздерінің бизнес гипотезаларын тексеріп, бизнестің негіздерін зерттеп, болашақ өнімнің жұмыс прототипін жасай алады және алғашқы клиенттер мен әлеуетті инвесторлар үшін ұсыныстар дайындай алады.