Оқу және демалуға арналған кітапхана

Дәстүрлі университет кітапханалары студенттердің ми шабуылының қайнар көзі болып табылады. Сондықтан Назарбаев Университеті білім беру үдерісіндегі және зерттеу қызметіндегі соңғы үрдістерге сәйкес кітапхана кеңістігін жайластыру үшін барлық жағдайларды жасауға ұмтылады.

НУ кітапханасынің өзі бірегей құбылыс. Тәуліктік жұмыс кестесі, ауқымды кітаптар жинағы, көптеген электрондық дерекқорларға қол жеткізу, ойластырылған инфрақұрылым – осының барлығы кітапхананың ерекше атмосферасын қалыптастырады. Мұнда барлығы оқу және зерттеу қызметімен айналысу үшін жасалған.

Әрбір оқу залы – бұл жеке немесе бірлесіп оқуға арналған ыңғайлы және жайлы бөлме. Жалпы оқу залдарынан басқа, мұнда әр студент 4 сағатқа брондап, өзі жеке оңашада әрі тыныштықта отырып, оқуға арналған жеке бөлмелер Individual Room бар.

Технологиялық қамтамасыз етуге келетін болсақ, кітапханада Computer Labs бар, онда барлық келушілердің ноутбуктерді уақытша жалға алуға және БҚ лицензияланған компьютерлерді пайдалануға мүмкіндігі бар. Ерекше қажеттіліктері бар пайдаланушылар үшін кез келген сұранысқа лайықты жұмыс орындары бар Assistive Technologies Room ұсынылады.

Сонымен қатар, кітапхана келушілерге бейнежазба және кеңейтілген визуализация қызметтерін ұсына алады. Video Recording Room – Acme E-40 және Acme LP-F1000VW прожекторларын, сондай-ақ Nec E656 дисплейі мен Green Cotton Data құрылғысын пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіби жобаланған дыбыс өткізбейтін студия бар. Vizualization Room-да HD сапалы мониторлары мен деректерді бейнелейтін сенсорлы интерактивті дисплейлер бар.

Media Room және Collaborative space, командада жұмыс істеу немесе тренинг өткізу үшін кеңейтілген мүмкіндіктерді ұсынады. Осындай конференц-залдарда көпшілік алдында сөз сөйлеу мен кездесулер, мысалы, сол студенттік ұйымдар мен клубтарды қоса алғанда, әртүрлі іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

Culture Room-де кітапханаға келушілер корей және итальян тілдеріндегі кітаптар жинағымен таныса алады. Science Room жаратылыстану – математика ғылымдары қорына, ал Aliya Room – лингвистика, әдебиет және технологиялар бойынша материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Электрондық каталогы бар компьютерлер аталған румдардың әрқайсысында бар, бірақ олардың көпшілігі Astana Room студенттері арасында қалыптасқан.

Университет отбасылы қызметкерлерге Children’ s Room-ды ұсынады. Мұнда ата-аналар балаларға ағылшын, орыс, қазақ, қытай, филиппин, неміс және басқа тілдерде кітап оқып бере алады.

Сонымен бірге, Назарбаев Университетінің кітапханасы тек сабақ оқуға ғана емес, сонымен қатар тынымсыз еңбек еткеннен кейін тынығуға да жағдай жасауға дайын. Осылайша, жұмыстан біраз демалғысы келетін пайдаланушылар үшін кітапхана Relax Room-ге баруды ұсына алады. Бұл қалаған жағдайда медитация жасауға және демалуға болатын, жайлы жиһазбен және  күңгірт шаммен жабдықталған тамаша кеңістік.