Орталық Азияның Талдау Орталықтарын Дамыту Форумы
2016 жылғы 20-21 маусым аралығында Назарбаев Университетінде Орта Азия өңірінің он елінен келген талдау орталықтары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Орталық Азияның Талдау Орталықтарын Дамыту форумы өтті. Форумды Назарбаев Университетінің Жоғарғы мемлекеттік саясат мектебі және Азия даму банкі (АДБ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында орналасқан Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық институтымен (ОАӨЭЫ) бірлесіп ұйымдастырды. Форумның мақсаты – ынтымақтастық перспективаларын талқылау, бүкіл өңір бойынша Талдау Орталықтарының Желісін дамыту және Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығына (ОАӨЭЫ) ақпарат беру үшін басқарудың ақпараттық орталығын құру болып табылады.
Осы Форумға Дүниежүзілік банкті, ЕҚҚДБ мен БҰҰДБ қоса алғанда, жетекші көптарапты ұйымдар да қолдау көрсетті. Форумға қатысушылар ОАӨЭЫ елдері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен құндылықтар әлеуеті туралы өз білімдерімен алмасты, сондай-ақ талдау орталықтары желісін құрудың маңыздылығын талқылады.
Форумның тақырыбы – өңірлік ынтымақтастықтың басқа да бастамаларымен бірге ОАӨЭЫ елдері арасында «өңірлік экономикалық өсу үшін зияткерлік ынтымақтастықты» құру болып табылады. Форумда талқылаулар үш негізгі сегменттен тұрды: бірінші сегмент Орталық Азия мен өңірлік экономикалық субъектілердің экономикалық перспективаларын талқылауға жұмылдырылды. Әлемдік экономикалық жағдайды ескере отырып, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ОАӨЭЫ елдерінен келген делегаттар өңірлердегі экономикалық жағдайларға талдау жасады, экономикалық даму перспективалары мен әр елдің экономикасын құрылымдық қайта құру алдында тұрған проблемаларды қарады. Сондай-ақ белгілі бір секторлардағы әлеуетті тәуекелдер талқыланды.
Екінші сегмент халықаралық сарапшылар мен ғалымдардың Орта Азия өңірлерінде инфрақұрылымдардың байланысын нығайту қажеттілігі мен оларға байланысты проблемаларды талқылауды қамтыды. Форумда мамандар ОАӨЭЫ Институтының Орталық Азия инфрақұрылымына жұмсаған инвестициялары бойынша жалғасып келе жатқан ғылыми-зерттеу жобасын, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) құру мен дамытуды қоса алғанда, экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне, оны әртараптандыруға байланысты басқа да тақырыптар талқыланды.
Үшінші сегмент ОАӨЭЫ-ға мүше мемлекеттер арасында біліммен алмасу желісін құру қажеттілігі мен мүмкіндігіне арналды. Бұған қатысты нақты ұсыныстар осы форумның қолдауымен талдау орталықтарының өңірлік желісін әзірлеу кезінде қарау және жақсы әрі ақпараттандырылған өңірлік экономикалық ынтымақтастық үшін идеялар мен білімді өзара байыту мақсатында мүше мемлекеттердегі барлық талдау орталықтары арасында тұрақты қатынас пен байланыс арналарын орнатуды қарау ұсынылды.
ОАӨЭЫ институты ОАӨЭЫ бағдарламасы үшін білім беру және білімді басқару бойынша білім қызметтерін жинақтауға жауапты мекеме ретінде қызмет атқарды. Қазіргі кезде ол ОАӨЭЫ елдері үшін зияткерлік қолдаудың маңызды платформасы болуы үшін дамып келеді. ОАӨЭЫ институты ОАӨЭЫ елдеріндегі бірінші санаттағы зияткерлік ресурстарға қол жеткізе алады. Институт ОАӨЭЫ елдерінің стратегиялық даму басымдықтары мен өңірлік экономикалық артықшылықтарына ерекше назар аудара отырып, макростратегия, саяси консультация, персоналды оқыту және жобаны әзірлеу сияқты білім беру бойынша бірнеше деңгейлі және көп өлшемді қызметтер көрсетеді.
ОАӨЭЫ институты өңірдегі елдер арасында экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету үшін білімді, қызмет пен басқаруды кеңейту жолымен өңірдегі елдерге қызмет көрсететін білім институты ретінде құрылған болатын. Оның пайымдауы жетекші өңірлік халықаралық білім институтын құру болып табылады.
ОАӨЭЫ институтының жұмыс көлемі туындайтын өңірлік проблемаларды және ел немесе сектордың жалпы проблемаларын, сондай-ақ елдер үшін өзара табыс әлеуетімен түрлі салаларда ынтымақтастық перспективаларын зерттеуді қамтиды. Бұдан басқа, деректер мен ақпаратты, тәжірибемен және жинақталған нәтижелермен алмасуды қоса алғанда, өңіраралық, пәнаралық және сектораралық ынтымақтастық бойынша ақпараттық жұмыс ОАӨЭЫ институты мандатының құрамдас бөлігі болып табылады.
Назарбаев Университеті Коммуникациялар және маркетинг департаменті:
010000, Астана, Қабанбай батыр даңғ., 53, каб.1115
+7(7172)709357, 706088, 706089, 708954, 706090
pressa@old.nu.edu.kz, www.nu.edu.kz