Радио, отбасы, махаббат және физика туралы

Азель Мурзабекова 2019 жылы физика мамандығы бойынша Назарбаев Университетінің ғылым және технологиялар мектебін бітірді. Осы жылы АҚШ-тың Иллинойс Урбана Шампейн Университетінің физика саласындағы PHD бағдарламасына түсті. Freshman of the Year 2016, Yessenov Foundation жазғы тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпазы, NU perceptions радиосының, THEМЫ клубының белсенді қатысушыларының бірі және NU Ballroom Dance Club-ның бұрынғы президенті.

Азель, сіз үшін физика деген не? Сіз оған қалай келдіңіз? Физика сізге оңай болды ма?

– Мектепте гуманитарлық сыныпта оқығаныма қарамастан физиканы зерттеу мен үшін өзіндік хобби болды. Менің алғашқы бағам «екі» болды, осы бағаны бұрын бұған дейін басқа пәндерден алмағанмын, бірақ дәл осы физиканы тереңірек зерттеуге қосымша уәждеме берді. Міне, осы күнге дейін жетілдіріп келе жатқан менің физикаға деген махаббатым осылай басталды. Мен оны зерттеу оңай деп айта алмаймын, бірақ сонысымен қызықты деп айта аламын!

Сіздің бакалавриат бағдарламасындағы оқуыңыз туралы айтып беріңізші? Сіз Университет алдындағы дайындық – Foundation бағдарламасында оқудан өттіңіз бе? 

-Иә, мен Foundation бағдарламасы бойынша білім алдым бұл бакалавриатқа дайындалуға және барлық пәндер бойынша өзімді көтеру үшін керемет уақыт болды. Мен мектеп қабырғасында жүргенімде физик болғым келетінін білдім, бірақ қандай да бір себептермен бір семестр оқыған инженерия мектебіне түстім (жастар қателігі). Бірден мен инженериямен айналысқым келмейтінін түсініп, мамандануымды физикаға өзгерттім.

Сіз қашан және орта мектептің қай сыныбында жүргеніңізде Назарбаев Университетіне оқуға түсетініңзді шешкен едіңіз?

-Шамамен 9 сыныпта, мен ол кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы №6 мектеп-гимназиясында оқитынмын. Мен тіпті сол кездегі НУ-мен бірге өткізілген білім көрмесіне арнайы бардым, онда олар маған постер сыйлады, бұл менің оқуға және одан да қатты дайындалуға деген ынта болды. Ол әлі күнге дейін менің бөлмеде ілулі тұр 😀

Сізге НУ не берді?

-НУ елдегі ең жақсы білім алуға, жоғалтуға және өзіңізді, достарыңызды, пікірлес адамдарыңызды табуға және 5 жыл бұрын атриумның табалдырығын аттаған адамға қарағанда жақсы адам болуға керемет мүмкіндік болды.

Сіз өзіңіздің отбасыңыз туралы айтып берсеңіз. Сіздің отбасыңызда қандай да бір ерекше дәстүрлер бар ма?

-Менің үлкен отбасым бар, менің сүйікті дәстүрім – күн сайын бірге түскі ас ішу. Менің екі үлкен ағам бар, олардың бірі МВА бағдарламасы бойынша НУ-ді бітірген. Менің отбасым – менің басты тірегім және қолдауым. Менің талпыныстарымды әрдайым қолдайтын ата-аналардың арқасында мен өтуге тура келген көптеген қиыншылықтарға қарамастан физик болуды шештім.

Сіздің хоббиіңіз, Сіз жақсы және қазір оқудан бос уақытта немен айналыстыңыз?

-НУ-де менің көптеген әртүрлі хоббилерім болды: бал билерінен сабақ бердім, радиода «Азельмен өмір» бағдарламасын жүргізіп, онда плейлисттер құрастырдым, бір кездері студенттік Үкіметте біраз уақыт болдым, физик-әйелдер клубымен айналыстым, бокс клубында да және тіпті видеография курстарына да бардым. Өкінішке орай, қазір бос уақытым көп емес, бірақ мен аргентиналық танго сабақтарына барып жүрмін.

NU perceptions радиосын ұйымдастыруға қалай шешім қабылдадыңыз?  Идеялар қалай пайда болды және радионың мәні неде?

-Клубты құру мен НУ-ға оқуға түскенге дейін бұрын Ахан Құсайынов пен Сұлтан Қыстаубаевтың идеясы болатын, бірақ клубтың алғашқы қадамдарын жасаған кезде олармен бірге болу сәті түсті. Содан кейін бізге 4 блоктың 3-ші қабатынан жабдықтар беріліп, музыканы мезгіл-мезгіл қосып отырдық, кейін түрлі бағдарламалар пайда болды. Мен өз бағдарламамда әртүрлі адамдарды университеттегі және одан тыс өмірлері туралы сөйлесуге шақырдым.

Сіздің студенттік өмірге үйреніп және белсенді өткізу қалай қолыңыздан келді?  

-Шынымды айтсам, бұл оңай болған жоқ, бұл жайлы менің кейбір семестрлердегі бағаларымнан көруге болады 😀  Мен бірден үйренбеген басымдықтарды дұрыс қою керек. Сонымен қатар, анам маған үнемі сабақтан тыс басқа нарсемен айналысу керек екенін үйрететін, сол себепті хобби тек экзистенциалды физикалық проблемалардан арылуға көмектесті.

Неге Иллинойс Университеті? Сіздің таңдауыңыз немен байланысты? Сіз бірден Докторантура бағдарламасына қалай түстіңіз?

-Урбана Шампейнтегі Иллинойс университеті мен зерттеп жүрген конденсирленген заттар физикасы бойынша ең үздік университет болып саналады, мұнда керемет физика департаменті де бар.  Жазда 3-ші курстан кейін мен Шахмардан Есенов атындағы қордан тағылымдама байқауын жеңіп, MIT-те ғылыми зерттеулермен айналыстым. Бұл тағылымдама PhD докторантурасына түсу кезінде маған көп көмектесті, сонымен қатар АҚШ-тың көптеген университеттерінде докторлық бағдарлама магистратурамен біріктірілген.

Сіз қазіргі уақытта не оқып жүргеніңізді айтып берсеңіз?

-Мен эксперименттік физикамен айналысамын. Біздің зертханада біз асаөткізгіштер сияқты ерекше материалдарды зерттеу үшін терагерц сигналдарын жасаймыз.

НУ-ға оқуға түскісі келетіндерге 5 кеңестер беріңіз.

-Ешқашан берілмеңіз! НУ-ға оқуға түсу және оқудың қаншалықты қиын екенін бірнеше рет естідім, әсіресе мен сияқты қарапайым оқушылар үшін. Шындығында, әсіресе ешкім сенбеген кезде, сіз өзіңізге сеніңіз, мүмкін емес ештеңе жоқ. Бұл еш жерде оңай болмайтынына алдын-ала дайындалу керек, ал егер бір нәрсе өте оңай берілсе, онда сіз дұрыс емес нәрсені істеп жатырсыз 😀  

Менің негізгі кеңесім қыздарға арналады: физика және жалпы ғылым «әйелдер үшін емес» деп айтатындарды ешқашан тыңдамаңыз, өйткені бұның бәрі ақылсыз стереотиптер! Мен адамдар өздерін басқалармен салыстырмаса екен деймін, бірақ бұл өте қиын, бірақ өте пайдалы.

 

  • Назарбаев Университетінің барлық түлектерін  2019 жылы 26 қазандасенбі күні өтетін Назарбаев Университеті түлектерінің III Кездесуіне шақырамызҰйымдастырушылар алқасы әр жастағы Түлектердің бір бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндігі болатын көптеген қызықты командалық ойындар мен сайыстарды дайындады.
  • Назарбаев Университетінің академиялық бағдарламалары мен оқуға түсу жайлы ақпаратты осы жерден білуге болады.