Роботтар мұғалімдер мен оқушыларға латын әліпбиін үйренуге көмектеседі
Қазақстанда қазақ тілінің кириллицадан латын әліпбиіне көшуі бүкіл халықты жаңа қаріппен жазуға және оқуға үйретуде қиындықтар туғызады. Nu CRP «CoWriting Kazakh» жобасы (2020-2022 жж.) робототехника, компьютерлік көзқарас және білім беру, лингвистика және когнитивтік ғылымдар саласындағы педагогикалық стратегиялар бойынша зияткерлік шешімдерді біріктіретін пәнаралық тәсілді ұсынады.
Зерттеу жобасын Назарбаев Университеті Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің Ассистент профессоры доктор Анара Сандығұлова, НУ Жоғары білім беру мектебінің профессоры Анна Коэн Миллермен, Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің докторы Вафа Джохалмен, Лозаннадағы Федералдық политехникалық мектептің докторлары Тибо Ассельборнмен, Пьер Дилленбургпен, сондай-ақ Баишев Университетінің (Ақтөбе) докторы Данна Саммерспен бірге ынтымақтастықта басқарады.
Жобаның бірінші кезеңі ретінде зерттеушілер тобы роботтың автономды әрекетін әзірледі. Ғалымдардың әзірлемесі бастауыш мектеп жасындағы балаларға жаңадан қабылданған алфавитті, қолжазба жүйесін үйренуге көмектесуге арналған. Бұл әзірлеме стилусы бар цифрлық планшеттің және адамға ұқсас роботтың көмегімен кириллицаны латын әріптеріне айналдыру үшін балалардың кириллицадағы қолжазбасын жасанды интеллектпен басқаруды біріктіреді. Жүйенің таныстырылымы 2020 ACM/IEEE Human-Robot Interaction конференциясында «Үздік таныстырылым» марапатына ие болды.
«Адам мен роботтың өзара әрекеттесуіне арналған қосымша бастауыш сынып оқушыларына жаңадан қабылданған алфавитті, қолжазба жүйесін үйренуге көмектесу үшін жасалған. Жүйе оқыту арқылы үйрету парадигмасына негізделген, яғни балалардың өздері роботты қазақ тіліне үйретеді. Осылайша, балалар оқу процесіне қатысады, роботпен өзара әрекеттеседі және бейсаналық түрде «протеж әсері» деп аталатын оның жетістігі үшін жауап береді. Өз кезегінде робот бірегей әлеуметтік рөл атқарады, өйткені ол балаларды латын әліпбиінің дағдыларын үйренуге мәжбүр етеді. Нәтижесінде, роботпен оқыту жүйесі мұғалімнің дәстүрлі тәсілімен немесе тек планшеттің көмегімен оқытумен салыстырғанда балалар үшін неғұрлым тартымды болып шықты», – деп түсіндірді доктор Сандығұлова.
Ғалымдар бастауыш мектеп жасындағы балалар арасында роботтандырылған жүйені сынап көрді.
«Алдымен біз роботқа қазақша сөздерді үйрету үшін балалардың қандай сценарийді (кириллица/ латын) қолдануы керектігін зерттедік. Нәтижелер көрсеткендей, қыздар роботқа латын әліпбиін қолдана отырып, қазақ сөздерін жазуды үйреткен кезде көбірек әріптер меңгерілді. Ұлдар кириллицаны қолдана отырып, сөздерді жазу кезінде әлдеқайда көп әріптерді үйреніп, роботтың латын әліпбиінде қазақша сөздердің дұрыс жазуын қадағалады. Бұл мәліметтер оқушының жеке күшті және әлсіз жақтарына жүйенің бейімделуі керек екенін көрсетеді. Бұл жұмыс 2020 ACM/IEEE Human-Robot Interaction конференциясының материалдар жинағында жарияланды», – деп сөзін жалғастырды доктор Сандығұлова.
Айта кету керек, жобаға жас ғалымдар мен зерттеушілердің көмекшілері де тартылды.
«Зерттеу нәтижелері балалардың жынысына қарамастан барлық үш сценарий бойынша бірдей білім алғанын көрсетті. Сонымен қатар, ғалымдар дәстүрлі мұғаліммен немесе тек планшетпен оқуды салыстырғанда роботпен оқуға қатысты балалардың көңіл-күйіндегі жағымды өзгерістерді атап өтті», – дейді Назарбаев Университетінің зерттеуші ассистенті Жанель Жексенова.
Бұл іс жүзінде қалай жүзеге асыралатынын зерттеушілер өздерінің Frontiers in Robotics and AI басылымында жариялады. Зерттеудің ажырамас бөлігі инклюзивті білім беру және барлық оқушылардың қажеттіліктерін білу болып табылады.
«Қазақстандық балаларды ынталандыру мен оларға көмек көрсетуден басқа, біз осы саяси шешімнің дисграфия немесе дислексия сияқты оқу қабілеті бұзылған балаларға әсерін бағалай білуіміз керек. Жаңа сценарийді енгізу балалардың қолжазбалары мен оқу дағдыларына кері әсерін тигізбейтініне көз жеткізуіміз керек. Осыларды анықтау үшін біз 200 қазақстандық баланың кириллицадан латын әліпбиіне көшу нәтижелерін талдадық. Біз дисграфияны диагностикалауға жауап беретін көлбеу, қысым, биіктік және басқа динамикалық ерекшеліктер сияқты цифрлық планшеттердің стилусымен алынған динамикалық деректерді зерттедік. Нәтижелер бастауыш мектеп жасындағы қазақстандық балалардың кириллицадан латын әліпбиіне сәтті көшкенін көрсетті. Бұл нәтижелер npj Science of Learning журналында жарияланады», – дейді доктор Сандығұлова.
«Бұл зерттеу білім берудегі теңдік пен инклюзивтілік туралы маңызды түсінік береді. Біз алфавитті өзгерту процесінде адамдар кездестіруі мүмкін кейбір мәселелерді, мысалы, әлеуметтік-экономикалық жағдайға, географиялық аймаққа, этникалық топқа, жасына және жынысына қатысты шешетін боламыз деп үміттенеміз. Латын әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиін тиімді оқыту және үйрену үшін негізгі мақсат оқытудың әртүрлі сценарийлері мен жеке тұлғаларға қатысты сараланған оқыту стратегиясына негізделген онлайн және офлайн режимінде түрлі инновациялық педагогикалық құралдарды әзірлеу болып табылады», – дейді ЖББМ қауымдастырылған профессоры, доктор Анна Коэн Миллер.
Ғалымдар қазақстандық CoWriting жүйесін веб-қосымшалар мен чат-бот түрінде қашықтықтан және онлайн оқыту үшін бейімдеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, оқытудың түрлі сценарийлерін және қарт адамдар мен мұғалімдер сияқты жеке тұлғаларды ескере отырып, педагогикалық практика мен теңдікті біріктіру және соңғы пайдаланушылар арасындағы өнімділікті бағалау бойынша зерттеулер жүргізу жоспарда бар.