«COVID-19: Қазақстандағы әрекет ету және қалпына келтіру» атты студенттерге арналған ғылыми жобалар сайысы
Жас ғалымдар альянсы «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының қолдауымен «COVID-19: Қазақстандағы әрекет ету және қалпына келтіру» тақырыбында коронавирус пандемиясына байланысты міндеттерді шешуге бағытталған ғылыми жобаларды қаржыландыруға арналған конкурсты іске қосты. Байқаудың шарттары мен мақсаттары туралы жас ғалымдар Альянсының жетекшісі Әсия Ермұхаметова айтып берді.
Ғылыми-зерттеу және инновациялық әлеуетті ынталандыру бағдарламасы (FRIP) жыл бойы жұмыс істейтін болады, – деп атап өтті ол. – Осы уақыттың ішінде 3 конкурс өткізілді, оның қорытындысы бойынша Назарбаев Университетінің 71 студенті 51 ғылыми жобаны жүзеге асыруға қаржылай қолдау алды.
– Жаңа өтінімдерді жинауды жоспарлау кезінде Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырудың тіркелген бірде-бір оқиғасы болмаған еді. Алайда, елімізде коронавирусты жұқтырғандар туралы ақпаратты алғаннан кейін жаңа конкурсқа қатысты жоспар өзгерілді.
Елімізде және әлемде қалыптасқан жағдай орасан өзгерістерге алып келетін болады. Қазақстанда 2020 жылғы 16 наурыз – 15 сәуір аралығында жарияланған төтенше жағдай және еліміздің ірі қалаларының жабылуы күнделікті өмірге, Қазақстанның жүйелері мен құрылымдарына күшті ықпал етеді. Әлем ғылыми қоғамдастық ұсына алатын жаңа шешімдерді қажет етеді. Зерттеушілер мен ғалымдар пандемияның салдарын жұмсарту мүмкіндігіне және жергілікті экономиканың неғұрлым маңызды салаларында жаңа тиімді шешімдерді әзірлеуге баса назар аударулары қажет. Осыған байланысты FRIP бағдарламасын ел мен азаматтарымызға қолдау көрсету үшін, студенттердің инновациялық шешімдерді іздестіруге күш-жігерін шоғырландыру үшін қазіргі шындыққа бейімдеу туралы шешім қабылданды.
Конкурстың шарттары қандай және оған кім қатыса алады?
FRIP бағдарламасы қаржылық қолдау көрсету арқылы ғылым мен пәндердің барлық салаларында НУ зерттеуші-студенттерінің зерттеу және инновациялық әлеуетін дамытуға арналған.
Кандидаттардың ұсыныстары денсаулық сақтау, жеткізу тізбектерін басқару, білім беру, көлік және логистика, инфрақұрылым, өндіріс, тамақ өнімдері, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, саясаттану және халықаралық қатынастар, мемлекеттік саясат және басқару сияқты түрлі салалардағы (бірақ міндетті емес) жаңа тәсілдерді, әдістер мен технологияларды қамтуы мүмкін. Ұсынылып отырған шешімдер Қазақстанда төтенше жағдайларды басқаруды жақсарту үшін (алдын алу/жеңілдету, дайындалу, ден қою немесе қалпына келтіру кезеңдері) әртүрлі елдерде COVID-19 пандемиясына қарсы реакция негізінде аурудың таралуы мен басқа да стихиялық апаттар жағдайында әзірленуі мүмкін. Студенттердің зерттеу дағдыларын дамыту, ғылыми білімді қалыптастыру және Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал ету мүмкіндігімен іргелі зерттеулерден бастап қолданбалы зерттеулерге дейінгі барлық зерттеулер құпталады.
Байқауға қатысу үшін Назарбаев Университетінің бакалвариат (екінші курс және одан жоғары), магистратура немесе докторантура студенті болу қажет, сондай-ақ жоба қашықтықтан жүргізілуі тиіс және топтарда 3-5 адамнан артық жұмыс істеуді талап етпеуі тиіс (әлеуметтік қашықтық). Жобаның ұзақтығы 6 айдан аспауы тиіс және ешқандай сапарларды көздемеуі тиіс.
Өтінімдерді іріктеу 3 кезеңмен өтеді. Өтінімдердің талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін жобалар сарапшыларға сырттай пікір беру әдісі бойынша бағалауға берілетін болады. Бағалау критерийлері жобаның тұжырымдамасын, жаңалығын, әсерін және орындалуын қамтиды. Ұсыныстар қолжетімді орындау жоспарын көрсетуі тиіс. Үшінші кезеңде іріктелген жобаларды YRA комиссиясы қарайды.
Өтініштер Жас ғалымдар альянсының электрондық поштасына жіберілуі тиіс. yra@old.nu.edu.kz. Қажетті құжаттар тізімі:
Міндетті түрде:
- Өтінімнің толтырылған нысаны doc форматында;
- Назарбаев Университетінде оқитыны туралы анықтама-растау;
- Түйіндеме;
- Бейресми транскрипт.
Қосымша:
- Консультант-оқытушының байланыс ақпараты өтінім нысанында толтырылады.
Жобаның қол жеткізілген нәтижелері мен жұмсалған қаражаттың толық сипаттамасын қоса алғанда, жоба бойынша толық есеп YRA Кеңесіне жоба аяқталғаннан кейін ұсынылады. Сондай-ақ зерттеу барысы туралы есептер сұралуы мүмкін. Бастапқы ұсыныстан бас тарту жазбаша сұрау арқылы YRA Кеңесінің алдын ала мақұлдауын талап етеді. Барлық тиісті нысандар мен нұсқаулықтар ұсынылатын болады.