2022-2023 академиялық жылына Назарбаев Университетінің Университет алдындағы дайындық бағдарламасына (NUFYP) ақылы оқуға түсу үшін конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау басталды

Назарбаев Университеті 2022-2023 академиялық жылына Университет алдындағы дайындық бағдарламасына ақылы оқуға түсу үшін онлайн өтінімдерді 2022 жылғы 1 наурыз бен 30 маусым (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59 дейін) аралығында қабылдайтынын хабарлайды. 

Конкурсқа қатысу үшін талапкер келесіні орындауы қажет: 

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп Жеке кабинет ашу;
  2. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды). 

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;

  1. Сауаланама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:
  • Жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
  • Үлгіге сәйкес оқу орнынан берілген анықтаманың немесе қосымшасы бар аттестат/дипломның нотариалды куәландырылған (бар болған жағдайда) сканерленген көшірмесі; 
  • SAT/ACT тест нәтижелерінің сканерленген көшірмесі;
  1. “Submit application” батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу. Бұдан кейін сауалнама нысанына өзгерістер енгізілмейді.
  2. IELTS/TOEFL/Linguaskill нәтижелерін Жеке кабинеттегі нұсқаулық бойынша ұсыну. 

Маңызды:

  1. Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL/Linguaskill және SAT/ACT сертификаттарыңызды ұсыну үшін, жарамды сертификаттардың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Осыған қосымша талапкер сертификаттардың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіне жүктеуі қажет. Толық Нұсқаулық жеке кабинетте қолжетімді. 
  • IELTS – Nazarbayev University 
  • TOEFL – 6762
  • Linguaskill – Nazarbayev University
  • SAT – 7915
  • ACT – 5521. 
  1. Осы тесттер келесі мерзімдерге дейін тапсырылуы қажет: 
  • IELTS/TOEFL/Linguaskill – 2022 жылғы 30 маусым
  • SAT – 2022 жылғы 7 мамыр 
  • ACT – 2022 жылғы 11 маусым 
  • Тест нәтижелерін тапсыру соңғы мерзімі 2022 жылғы 11 шілде. 

Келесі қадамдар: 

Сауалнама нысанына енгізілген электронды поштаңызды тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркелу кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Конкурстық іріктеу және талаптар туралы толық ақпарат осы сілтемеде қолжетімді.

Cәттілік тілейміз! 

Сау саламат болыңыз.