«Foundation бағдарламасына ақылы негізде қалай оқуға түсуге болады?» ақпараттық сессиясы

Күні: 2022 жылдың 3 наурызы

Уақыты: Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 16:00-17:30

 

NU Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі мен Дайындық мектебі барлық қызығушылық танытқан талапкерлерді «Foundation бағдарламасына ақылы негізде қалай оқуға түсуге болады?» тақырыбында өтетін ақпараттық сессияға қатысуға шақырады! 

 

Сессия барысында қатысушылар Foundation бағдарламасының не екені, оның кімге арналғаны және бағдарламаға ақылы негізде қалай оқуға түсуге болатыны туралы біліп, барлық сұрақтарға жауап алады.

 

Сессия бағдарламасы:

16:00-16:05 Алғы сөз, Аида Сұлтанәли, Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі

16:05-16:30 Foundation бағдарламаcының презентациясы, Роберт Доблер,  Дайындық мектебінің бас директоры

16:30-17:00 Презентация «Foundation бағдарламасына ақылы негізде қалай оқуға түсуге болады?», Аида Сұлтанәли, Студенттерді оқуға тартуды басқару офисі

17:00-17:30 Сұрақ-жауап сессиясы 

 

Сессия ағылшын және орыс тілдерінде өтеді. 

Қатысушылар сұрақтарын қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қоя алады.

Тіркелу үшін мына сілтемеге өту қажет. 

 

Оқуға түсу мәселелері бойынша Байланыс орталығына хабарласуға болады:

Тел.: + 7 7172 642584, +7 747 0940230

Эл. пошта: info_admissions@old.nu.edu.kz