Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі Роботтехникасы саласындағы магистратура бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдаудың екінші раундының ашылуын жариялайды
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі Робот техникасы саласындағы магистратура бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдаудың екінші раунды 2021 жылғы 12 мамырдан 31 мамырға дейін жалғасады (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 23:59 дейін).
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
- www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
- Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
- Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
- «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. «Submit application» батырмасын басқаннан кейін өтінімге өзгерістер енгізіле алмайды.
Студенттерді оқуға қабылдау департаменті жіберетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз және Жеке кабинеттегі статустарды қадағалап отырыңыз.
Назарбаев Университетіне оқуға түсу мәселелері бойынша admissions.seds@old.nu.edu.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
Студенттерді оқуға қабылдау департаменті