Назарбаев Университеті Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін кейбір магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы хабарлайды

Назарбаев Университеті Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің магистратура (Химиялық инженерия және материалдар технологиясы, Механикалық және аэроғарыштық инженерия, Робот техникасы ) және докторантура (Химиялық инженерия, Механикалық инженерия, Робот техниксы) бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау  Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2022 жылғы 16 мамырға дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59) ұзартылатын болады.

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
  2. Сауалнама нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
  3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;

  1. «Submit application» батырмасын басу арқылы өтініш беруді аяқтау.
  2. IELTS / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
  • IELTS тапсыру үшін код: Nazarbayev University
  •     TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762

Осы процестерді аяқтағаннан  кейін  өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.

Тіркеу кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.seds@old.nu.edu.kz (магистратура бағдарламалары бойынша) немесе phd_admissions@old.nu.edu.kz (докторантура бағдарламалары бойынша) электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.Студенттерді оқуға қабылдау департаменті электрондық хаттарға жұмыс уақытында келіп түсу реті бойынша жауап береді. Осыған байланысты, өтінішті соңғы күнге дейін қалдырмауға кеңес береміз.