Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Физика саласындағы докторантура, Математика саласындағы докторантура және Химия саласындағы докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдаудың екінші раундының ашылуын хабарлайды
Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Физика саласындағы докторантура, Математика саласындағы докторантура және Химия саласындағы докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдаудың екінші раунды 2022 жылғы 25 сәуірден 16 мамырға дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59) жалғасады.
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
- www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
- Сауалнама нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
- Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
- «Submit application» батырмасын басу арқылы өтінім беруді аяқтау.
- IELTS / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
- IELTS тапсыру үшін код: Nazarbayev University
- TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762
Өтінім беру аяқталған соң Жеке кабинетке өзгерістер енгізілмейді.
Тіркеу кезінде сұрақтар пайда болса, phd_admissions@old.nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.