Назарбаев Университеті академиялық еркіндік тәжірибесін Қазақстан университеттеріне беруде

Қазақстандағы жоғары білім беру реформасы Назарбаев университетінің (НУ) тәжірибесіне негізделген. НУ басқа қазақстандық жоғары оқу орындарымен жұмыс істейді және педагогикада, білім мен ғылымда өзі сынап көрген практикаларды белсенді таратады.Осы білім НУ қызметкерлері мен басқа жоғары оқу орындарындағы түлектерін басшылық лауазымдарға тағайындау, бірлескен зерттеулер жүргізу және кадрлар даярлау арқылы беріледі. 4 жылдың ішінде мұнда 13 мыңнан астам оқытушылар мен топ-менеджерлер біліктілігін арттырды. Балабақшалар мен мектептердің 3 мың мұғалімі инклюзивті білім беруді оқыту стратегиялары бойынша курстардан өтті. NU Жоғары Білім беру Мектебі осы бағдарламаны әзірледі. Бұл туралы Tengrinews жазады.